Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының

сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЫ

 

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақмола облысының Егіндікөл аудандық мәслихаты аумақтық және 16 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптасқаны туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін жүзеге асырылады.

 

 

Егіндікөл аудандық мәслихаты

 

Егіндікөл аудандақ мәслихатының  төрағасы -  Қабыкен Ағыбайұлы Шынтеміров.  

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы  Победа көшесі, 6.

Жауапты адам – Алпыспаева Гүлмира Маратқызы, қалааралық телефон коды (87142) 2-17-18, ұялы телефоны 87474610073,  электрондық пошта мекенжайы egindykol_masl@aqmola.gov.kz.

 

 

Егіндікөл аудандық мәслихаты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және 16 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

Аумақтық сайлау комиссиясы: Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, Әкімшілік ғимарат, 7 комиссия мүшесі

Учаскелік сайлау комиссиялары - 16 

№

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы

 

Комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

         8

1

№378

Егіндікөл ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі

Егіндікөл ауылы

Школьная

6

5

2

№379

Аудандық мәдениет үйі

Егіндікөл ауылы

Победа

11

5

3

№380

Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі

 

Егіндікөл ауылы

Школьная

11

5

4

№381

Полтавское ауылының жалпы білім беретін мектебі

Полтавское ауылы

Центральный

16

5

5

№382

Көркем ауылының жалпы білім беретін мектебі

Көркем ауылы

Көркем

17

5

6

№383

Буревестник ауылы әкімінің аппараты

Буревестник ауылы

Орталық

1

5

7

№384

Тоғанас ауылының негізгі мектебі

Тоғанас ауылы

Ыбырай Алтынсарин

40

5

8

№385

Ұзынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі

Ұзынкөл ауылы

Школьная

29

5

9

№386

Абай ауылы әкімінің аппараты

Абай ауылы

Дружба

4

5

10

№387

Спиридоновка ауылының жалпы білім беретін мектебі 

Спиридоновка ауылы

Горький

8

5

11

№388

Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты

Жалманқұлақ ауылы

Ленин

11

5

12

№389

Жұлдыз ауылының медициналық пункті

Жұлдыз ауылы

Школьная

1

5

13

№390

Қоржынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі

Қоржынкөл ауылы

Школьная

18

5

14

№391

Бауман ауылының жалпы білім беретін мектебі

Бауман ауылы

Школьная

1

5

15

№758

Егіндікөл ауылының агротехникалық колледжі

Егіндікөл ауылы

Гагарин

3

5

16

№759

Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

Егіндікөл ауылы

Победа

7

5

 

 

Дата публикации
09 ноября 2023