Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 8С7-6 «Егіндікөл аудандық мәслихатының
2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С30-2
«2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 1 727 242,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 312 647,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10 349,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 152,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 1 398 094,2 мың теңге;
2) шығындар – 1 743 736,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 29 624,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 41 400,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 11 776,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -46 117,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
46 117,9 мың теңге:
қарыздар түсімі – 41 400,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 14 350,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 19 068,0 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Егіндікөл аудандық
мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров