Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 8С7-3 «Егіндікөл ауданындағы ауыл шаруашылығының жай-күйі және оған шағын және орта бизнестің қатысуы туралы «Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 6С45-2 шешімін орындау туралы» шешімі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, «Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Ж. Жақановтың Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 6С45-2 «Егіндікөл ауданындағы ауыл шаруашылығының жай-күйі және оны дамытуға шағын және орта бизнестің қатысуы туралы» шешімінің орындалуы туралы ақпаратын тыңдап Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Ж. Жақановтың жоғарыда көрсетілген шешімнің орындалуы туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Егіндікөл аудандық мәслихатының  2020 жылғы  27  наурыздағы

№ 6с45-2 «Егіндікөл ауданындағы ауыл шаруашылығының жай-күйі және оны дамытуға шағын және орта бизнестің қатысуы туралы» шешімінің күші жойылсын.

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                                   Қ. Шынтеміров

Дата публикации
09 октября 2023