Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 8С7-2 «Егіндікөл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы» шешімі

Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 8С7-2 «Егіндікөл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы» шешімі

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Әкімдердің мәслихаттар алдында есептерін жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес аудан әкімі Е. Қ. Мұхамединнің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдап, талқылағаннан кейін Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Егіндікөл ауданының әкімі Е.К. Мұхамединнің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі мақұлдансын.
  2. Ұсыну:

1) Егіндікөл ауданының әкімі Е. К. Мұхамединге:

- аудан тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыру;

- агроөнеркәсіптік кешенді, шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуға мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

- ауыл шаруашылығын салалық мамандандыруды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- денсаулық сақтау саласында жас мамандарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- бюджет қаражатын мақсатты және тиімді игеру үшін ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің, атқарушы органдар басшыларының бақылауын қамтамасыз ету және жауапкершілігін арттыру.

2) Егіндікөл ауданының әкімдігіне:

- ауданға инвестиция тарту бойынша жұмысты жалғастыру;

- 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты бақылауда ұстау.

3) ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдеріне:

- жергілікті қоғамдастықтың жұмысын жандандыру және өз жұмысында олардың әлеуетін кеңінен пайдалану;

- ауданның көшелерін жөндеу және күтіп ұстау, елді мекендерін көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;

  1. Аудандық «Алтын астық» газетінің редакциясына (С.М. Гурбанова) аудан тұрғындарын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту және барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кездесулері барысында халықтың айтқан ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша Мемлекеттік органдардың қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар ету ұсынылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      Қ. Шынтеміров

 

Дата публикации
09 октября 2023