Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 8С7-1 «Сегізінші шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 7 сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» шешімі

Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 8С7-1 «Сегізінші шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 7 сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» шешімі

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару               және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші  шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 7 сессиясының келесі күн  тәртібі бекітілсін:

  1. 1. Егіндікөл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі туралы.

Баяндамашы: Ерлан Қыздарбекұлы Мұхамедин-Егіндікөл ауданының әкімі.

  1. Егіндікөл ауданындағы ауыл шаруашылығының жай-күйі және оған шағын және орта бизнестің қатысуы туралы «Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 6С45-2 шешімін орындау туралы.

Баяндамашы: Жарыспек Жақанұлы Жақанов – «Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Егіндікөл аудандық  мәслихатының  2014  жылғы  29  тамыздағы

№ 5С29-6 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпараттандырады: Муллаянова Галина Сергалиевна - Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Егіндікөл аудандық мәслихатының  2021  жылғы  12  қарашадағы

№ 7С10-4 «Егіндікөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  Ақпараттандырады: Муллаянова Галина Сергалиевна - Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 7С30-2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Придан Светлана Васильевна – «Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 9 сәуірдегі № 8С2-2 «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерту енгізу туралы.
  2. Егіндікөл аудандық мәслихатының 25 мамаырдағы № 8С4-5 «Егіндікөл аудандық    мәслихатының    2020  жылғы  25  желтоқсандағы

№ 6С55-3 «Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің күшін жою туралы.

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

 

Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                                   Қ. Шынтеміров

Дата публикации
09 октября 2023