Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №8С7-4 «Егіндікөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С 29-6 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі

Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Егіндікөл аудандық мәслихатының «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С 29-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4359 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

««Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

көрсетілген  шешімнің  қосымшасы  осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы

К. Шинтемиров

(2023  жылғы  21 қыркүйектегі    Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу  тізілімінде  № 8624-03 болып тіркелген)

Дата публикации
27 сентября 2023