Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 8С7-4 «Егіндікөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С 29-6 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы

Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Егіндікөл аудандық мәслихатының «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С 29-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4359 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

««Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;

көрсетілген  шешімнің  қосымшасы  осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

Аты-жөні

Дата публикации
13 сентября 2023