Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 мамырдағы №8С5-1 «Сегізінші шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезектен тыс 5 сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезектен тыс 5 сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С31-2 «Егіндікөл ауданының 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтері мен ауылдарының бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Придан Светлана Васильевна – «Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Егіндікөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 6С33-9 «Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 7С18-5 «Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларды өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
Баяндамашы: Жарыспек Жақанұлы Жақанов – «Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Егіндікөл аудандық
мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров