2023 жылға арналған тұрақты комиссиялары отырыстарының жұмыс жоспары:

Тұрақты комиссиялары отырыстарының 2023 жылға арналған

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Бюджет, қаржы әлеуметтік-экономикалық дамуы,

 экология және ардагерлермен жұмыс

мәселелері  бойынша

 

  1. Егіндікөл ауданының Интернет және стационарлық байланыс қызметтерін көрсету бойынша желілік-техникалық учаскесінің жұмысы туралы.
  2. Егіндікөл ауданында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы.
  3. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
  4. Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының 2022 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы.
  5. Буревестник ауылы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  6. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
  7. Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы.

Комиссия Аудандық мәслихаттың қарауына шығарылатын аудан бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері және өз құзыретіндегі басқа да мәселелер бойынша қорытындылар береді.

 

Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар  ісі,

 ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру,  мәдениет,  заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері бойынша

 

  1. Егіндікөл ауданында қолжетімді медициналық қызмет көрсету туралы.
  2. Егіндікөл ауданында Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы.
  3. Егіндікөл ауданының мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастыру туралы.
  4. Егіндікөл ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

 

Қажет болған жағдайда депутаттық этиканы сақтау мәселелерін қарайды, дайындайды және мәслихаттың қарауына енгізеді.

Депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты мәселелерді алдын ала қарау.

Комиссия Аудандық мәслихаттың қарауына шығарылатын өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар береді.

Дата публикации
22 июня 2023