Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 8С4-10 «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылатын негізгі мәселелер туралы» шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және VIIІ шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған келешектегі жұмыс жоспарына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 6 сессиясының қарауына мынадай негізгі мәселелер енгізілсін:
- Егіндікөл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы.
Баяндамашы: Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы – Егіндікөл ауданының әкімі;
-Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 6С45-2 «Егіндікөл ауданындағы ауыл шаруашылығының жай-күйі және оны дамытуға шағын және орта бизнестің қатысуы туралы» шешімін орындау туралы.
Баяндамашы: Жақанов Жарыспек – «Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Егіндікөл аудандық
мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров