Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 8С4-8 «Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С30-2 «2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 1 707 859,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 320 238,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 2 758,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 152,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 1 378 711,3 мың теңге;
2) шығындар – 1 724 353,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 29 624,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 41 400,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 11 776,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -46 117,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
46 117,9 мың теңге:
қарыздар түсімі – 41 400,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 14 350,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 19 068,0 мың теңге.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеу сомалары 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021 және 2022 жылдарда республикалық бюджеттен мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуді іске асыру
14 350,1 мың теңге сомасында бөлінгені ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Егіндікөл аудандық
мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров