«Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының кейбір көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» Егіндікөл ауданы әкімдігінің БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және Егіндікөл аудандық мәслихатының ШЕШІМІ

 

 

Егіндікөл ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Егіндікөл аудандық мәслихатының шешімі

 

 

Егіндікөл       ауданының     әкімдігі

Егіндікөл   ауылы

2023 жылғы 25 мамырдағы

№ А-5/94 қаулы

 

 

Егіндікөл     аудандық     мәслихаты

Егіндікөл   ауылы

2023 жылғы 25 мамырдағы

№ 8С4-7 шешім  

 

Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының кейбір көшелерін

қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қарауына Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының кейбір көшелерін қайта атау жөнінде мынадай ұсыныстар енгізілсін:

«Береговая» көшесі «Абай Құнанбаев» көшесіне

«Школьная» көшесі «Ыбырай Алтынсарин» көшесіне

«Зеленая» көшесі «Евгений Брусиловский» көшесіне

«Нефтебазовская» көшесі «Сәбит Мұқанов» көшесіне

«Северная» көшесі «Кенесары хан» көшесіне

«Станционная» көшесі «Григорий Потанин» көшесіне

«Степная» көшесі «Мәлік Ғабдуллин» көшесіне

«Южная» көшесі «Қаныш Сәтбаев» көшесіне

«Элеваторная» көшесі «Шоқан Уәлиханов» көшесіне

«Водопроводная» көшесі «Жұмабек Тәшенов» көшесіне

«Транспортная» көшесі «Нұрғиса Тілендиев» көшесіне

«Восточная» көшесі «Әлия Молдағұлова» көшесіне

«Спортивная» көшесі «Қажымұқан» көшесіне

«Медиков» көшесі «Дінмұхамед Қонаев» көшесіне

«Дорожная» көшесі «Шәмші Қалдаяқов» көшесіне

«Линейная» көшесі «Керей хан» көшесіне.

  1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің осы қаулысы және Егіндікөл аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Егіндікөл ауданының әкімі                                            Е. Мұхамедин

 

 

Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  Қ. Шынтеміров

                                                                                                          

Дата публикации
21 июня 2023