«Егіндікөл ауданы Буревестник ауылын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Егіндікөл ауданы әкімдігінің БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және Егіндікөл аудандық мәслихатының ШЕШІМІ

Егіндікөл ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Егіндікөл аудандық мәслихатының шешімі

 

 

Егіндікөл       ауданының     әкімдігі

Егіндікөл   ауылы

2023 жылғы 25 мамырдағы

№ А-5/93 қаулы

 

 

Егіндікөл     аудандық     мәслихаты

Егіндікөл   ауылы

2023 жылғы 25 мамырдағы

№ 8С4-6 шешім  

 

Егіндікөл ауданы Буревестник ауылын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы

  

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қарауына қайта атау бойынша мынадай ұсыныс енгізілсін:

Буревестник ауылы Жарлыкөл ауылына.

  1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің осы қаулысы және Егіндікөл аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Егіндікөл ауданының әкімі                                            Е. Мұхамедин

 

 Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  Қ. Шынтеміров

Дата публикации
21 июня 2023