Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 8С4-4 «Егіндікөл ауданында агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеу саласын дамыту жағдайы туралы» шешімі

 

Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 8С4-4 «Егіндікөл ауданында агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеу саласын

дамыту жағдайы туралы» шешімі

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жарыспек Жақановтың ақпаратын тыңдап, талқылай отырып, Егіндікөл аудандық мәслихаты мыналарды атап өтеді.

Егіндікөл ауданының агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны қайта өңдеу және тұтынушыға жеткізу салаларын қамтитын экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді.

АӨК-нің барлық салаларының жұмыс істеуі халықты бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етуге және елдің азық-түлік тәуелсіздігін қалыптастыруға бағытталған.

Мәселен, бүгінгі таңда «Аскоп» ЖШС-де жартылай фабрикаттар мен ет консервілерін, сиыр және шошқа етінен жасалған бұқтырылған ет, тұшпара, кебаб және шұжық өнімдерін өндіретін ет өңдеу цехы жұмыс істейді. 2022 жылы 41,7 млн. теңге сомасына 82 тоннадан астам өнім қайта өңделді.

Құны 150 млн. теңге, қуаты жылына 4800 тонна күнбағыс майын өндіру жобасы іске асырылды. Май цехын жаңғырту жоспарлануда.

Баяндалғанның негізінде Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жарыспек Жақановтың «Егіндікөл ауданындағы агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеу саласын дамыту жағдайы туралы» ақпарат назарға алынсын.
  2. «Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

- ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жобаларды іске асыру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру;

- қайта өңдеу саласының шығарылатын өніміне тұрақты негізде мониторинг жүргізу;

- Қоржынкөл ауылындағы май цехын жаңғыртудың аяқталуын бақылауға алсын.

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                          Қ. Шынтеміров

Дата публикации
21 июня 2023