Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 8С4-1 «Сегізінші шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 4 сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 4 сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- 1. 2023 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашы: Нұржан Төлегенұлы Қамбатыров -Егіндікөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы.
- 2022 жылғы Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдары бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашылар: Башенов Айтан Қабдолбариұлы-Егіндікөл ауылының әкімі;
Жетпісов Мадияр Мұратұлы-Алакөл ауылдық округінің әкімі;
Сүлейменова Самал Оразбайқызы-Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі.
- Егіндікөл ауданында агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеу саласын дамытудың жай-күйі туралы.
Баяндамашы: Жарыспек Жақанұлы Жақанов – «Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,
4. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С55-3 «Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Егіндікөл ауданы Буревестник ауылын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы.
- Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының кейбір көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.
- Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С30-2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Придан Светлана Васильевна – «Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Егіндікөл аудандық
мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров