Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 8С3-3 «Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 6С18-3 «Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының есебі туралы» шешімін орындау туралы» шешімі

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Егіндікөл ауданының полиция бөлімі бастығының жедел жұмыс бойынша орынбасары, полиция подполковнигі М.Ә.Оспановтың «Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының есебі туралы» Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 6С18-3 шешімінің орындалуы туралы ақпаратын тыңдап аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Егіндікөл ауданының полиция бөлімі бастығының жедел жұмыс бойынша орынбасары, полиция подполковнигі М.Ә.Оспановтың жоғарыда аталған шешімнің орындалуы туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 6С18-3 «Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының есебі туралы» шешімінің күші жойылсын.
  3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                                    Қ. Шынтеміров

Дата публикации
21 июня 2023