Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 8С3-2 «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2022 жылғы атқарған жұмысы және 2023 жылға арналған міндеттері туралы» шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қалмұрзаев Ернұр Маратұлының атқарылған жұмыс туралы баяндамасын тыңдап, талқылай келе, Егіндікөл аудандық мәслихаты мыналарды атап өтеді.
Мәселен, 2022 жылы су мұнарасын күрделі жөндеуге 70 млн.380 мың теңге бөлінді. 1000 м3 үшін 2 резервуар, 250 м3 үшін 2 резервуар, су мұнарасы, операторлық резервуар күрделі жөндеуден өтті, су құбыры құрылыстары алаңының ішіндегі су құбыры ауыстырылды, су құбыры құрылыстары алаңының аумағы жарықтандырылды.
Объектіні пайдалану барысында жүргізілген жұмыстарда ақаулар анықталғандықтан, осы қаражаттан 60 млн. теңге немесе 85,7% игерілді.
Тоғанас, Ұзынкөл, Буревестник елді мекендерінде су құбыры құрылыстарының алаңдарын қоршау жүргізілді.
2022 жылы Егіндікөл ауданының елді мекендерінде жалпы сомасы 119 млн.теңгеге орташа және ағымдағы жол жөндеулері орындалды.
2023 жылға облыстық бюджеттен Егіндікөл ауданы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен көше-жол желісіне орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге 390 709 мың теңге бөлінді.
Егіндікөл ауданы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен көше-жол желісіне жөндеу жүргізуге конкурстар өткізілді. Мердігерлік ұйымдар анықталды. Жөндеу жұмыстарының басталуы 2023 жылдың шілде айына жоспарланған.
Сонымен қатар, облыстық бюджет қаражатынан Егіндікөл - Спиридоновка, Буревестник - Полтавское - 20 млн. теңге жолдарын жөндеуге 30 млн. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылы Егіндікөл ауылында 48 млн.теңге сомасына су құбыры құрылыстарының алаңын абаттандыру жоспарлануда. Егіндікөл ауылында мал қорымын салу жоспарлануда. Жылу желілерін тексеруге ақшалай қаражат бөлінді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 16 пәтерлі тұрғын үйдің және оған инженерлік желілердің құрылысы жалғасуда.
Баяндалғанның негізінде Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
-16 пәтерлі тұрғын үйдің және оған инженерлік желілердің құрылысын 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау;
- Егіндікөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жөндеу және салу барысын бақылауды күшейту;
- бөлінген бюджет қаражатының мақсатты және уақтылы игерілуін қамтамасыз ету.
Егіндікөл аудандық
мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров