Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 8С3-1 «Сегізінші шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 3 сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» шешімі

Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 8С3-1 «Сегізінші шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 3 сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» шешімі

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару               және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші  шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 3 сессиясының келесі күн  тәртібі бекітілсін:

  1. Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2022 жылғы атқарған жұмысы және 2023 жылға арналған міндеттері туралы.

Баяндамашы: Қалмұрзаев Ернұр Маратұлы – «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 6С18-3 «Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының есебі туралы» шешімін орындау туралы.

Баяндамашы: Марат Әшірбекұлы Оспанов - Егіндікөл ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі.

  1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 09 ақпандағы № 7С15-5 «Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 09 ақпандағы № 7С15-6 «Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы эвакуациялық қабылдау комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

 

Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                                   Қ. Шынтеміров

 

Дата публикации
21 июня 2023