Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С1-8 «Егіндікөл аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына
ұсынылатын негізгі мәселелер туралы» шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және VIII сайланған Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына мынадай негізгі мәселелер енгізілсін:
- 2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашы: Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы – Егіндікөл ауданының әкімі;
- Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдары бюджеттерінің атқарылуы туралы 2022 жылғы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашылар: Башенов Айтан Қабдолбариұлы-Егіндікөл ауылының әкімі;
Мадияр Мұратұлы Жетпісов-Алакөл ауылдық округінің әкімі;
Сүлейменова Самал Оразбайқызы-Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі.
- Егіндікөл ауданында агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеу саласын дамытудың жай-күйі туралы.
Баяндамашы: Жақанов Жарыспек Жақанұлы – «Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Егіндікөл аудандық
мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров