Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С1-1 «VШ шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының 1-ші ұйымдастыру сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
VIIІ шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының 1-ші ұйымдастыру сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- VIII шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатына депутаттарды сайлау қорытындылары туралы.
- VIII шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасын сайлау туралы.
- «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын Егіндікөл аудандық мәслихатында тіркеу туралы.
- VIII шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.
- Егіндікөл аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, әлеуметтік - экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері мен төрағасын сайлау туралы.
- Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер мен әдеп, жастар істері, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері мен төрағасын сайлау туралы.
- Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Егіндікөл аудандық
мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров