Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №7С32-6 «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімі

Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №7С32-6 «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімі

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мәслихаттың үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгілік регламентінің 79-тармағына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
  2. Егіндікөл аудандық мәслихатының   2008 жылғы   14 тамыздағы

№ 4С7-1 «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                                    Б. Абилов

 

 

Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы

16 қаңтардағы № 7С32-6 шешімімен бекітілген

 

 

«Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты»

 мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

  

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Егіндікөл мәслихаты мен оның органдарын ұйымдық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
  3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Мәслихат аппараты, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 020600, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Победа көшесі, № 6 үй.
  10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

  1. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

 

2-тарау.  Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Міндеттері: Егіндікөл аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.
  2. Өкілеттіктер:

1) құқықтар:

өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;

мәслихат отырыстарына, комиссияларға, жұмыс топтарына, мәслихат органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

2) міндеттері:

мәслихат депутаттарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

өз құзыреті шегінде мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

мәслихат аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;

мәслихат қарайтын құжаттарды дайындауға қатысуға мүдделі органдар мен ұйымдарды тарту;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. Функциялар:

мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

мәслихаттың, оның органдарының және мәслихат депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

мәслихаттың қарауына түскен шешімдердің жобалары бойынша жұмыс;

мәслихат депутаттарының заңнамада белгіленген құзыреттерді іске асыруына көмек көрсету;

мәслихат қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

мәслихаттың басқа органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

мәслихат қызметін ақпараттық-коммуникативтік қамтамасыз ету;

мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;

мәслихаттың кадр мәселелерін шешуді қамтамасыз ету;

мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.

 

3-тарау. Мәслихат аппаратының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Мәслихат аппаратына басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы (мәслихат төрағасы) жүзеге асырады.
  2. Мәслихат аппаратының бірінші басшысын депутаттар арасынан депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайлайды және мәслихат сессияда қызметінен босатады.
  3. Мәслихат аппаратының бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  4. Мәслихат аппаратының бірінші басшысының өкілеттігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген.

Мәслихат аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Мәслихат аппаратын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихат аппаратының басшысы басқарады.

 

4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі

 

  1. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
17 января 2023