Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №7С32-1 «Жетінші шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезектен тыс 32 сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» шешімі

Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №7С32-1 «Жетінші шақырылымдағы Егіндікөл  аудандық мәслихатының кезектен тыс 32 сессиясының күн тәртібін бекіту  туралы» шешімі

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

VII шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезектен тыс 32 сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С32-2 шешімімен бекітілген, Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясын сайлау және оның құрамына өзгеріс енгізу туралы.
  2. Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
  3. Егіндікөл ауданының №№ 758, 759 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына мүшелерді сайлау туралы.
  4. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С32-3 шешімімен бекітілген Егіндікөл ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау және олардың құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Ақпараттандырады: Жаңабаев Самат Жаңабайұлы-Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

  1. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
  2. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 6С6-6 «Егіндікөл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Егіндікөл аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                                Б. Абилов

         

Дата публикации
16 января 2023