Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С30-6 «2023 жылға арналған Егіндікөл
аудандық мәслихаттың келешектегі
жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған 2023 жылға арналған Егіндікөл аудандық мәслихаттың келешектегі жұмыс жоспары бекітілсін.
- Жұмыс жоспардың іске асырылуын бақылау Егіндікөл аудандық мәслихат аппаратының басшысына және тұрақты комиссиялардың төрағаларына жүктелсін.
- Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Абилов
Егіндікөл аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 7С30-6 шешімімен
бекітілген
2023 жылға арналған
Егіндікөл аудандық мәслихаттың
келешектегі жұмыс жоспары
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан халқының ерік-жігерін іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау мақсатында аудандық мәслихат атқарушы органдармен, меншіктің барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен, қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен өзара келісе отырып, аудандық мәслихат өз қызметін келесі бағыттарға бағыттайды:
- аудан аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, одан әрі экономикалық және әлеуметтік өсу үшін жағдай жасау;
- ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолымен бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуды қамтамасыз ету; бюджеттің теңгерімділігі, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
- білім беруді, денсаулық сақтауды, мәдениетті дамытуға назарды күшейту;
- халықтың жұмыспен қамтылуын жақсарту, халықтың қорғалмаған жіктерін қолдау;
- әртүрлі нанымдағы, діни нанымдағы, ұлты мен әлеуметтік мәртебесі бар адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайту;
- ауданда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту;
- аудандық мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық принциптерді сақтау, депутаттардың, тұрақты комиссиялардың, аудандық мәслихат аппаратының қызметін жандандыру.
Осы мақсатта 2023 жылы қаралсын:
- Аудандық мәслихаттың сессияларында
I тоқсан:
- Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2022 жылғы атқарған жұмысы және 2023 жылға арналған міндеттері туралы.
- Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 6С18-3 «Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының есебі туралы» шешімін орындау туралы.
II тоқсан:
- 2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
- Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдары бюджеттерінің атқарылуы туралы 2022 жылғы жылдық есепті бекіту туралы.
- Егіндікөл ауданында агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеу саласын дамытудың жай-күйі туралы.
III тоқсан:
- Егіндікөл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөнінде есебі туралы.
- Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 6С45-2 «Егіндікөл ауданындағы ауыл шаруашылығының жай-күйі және оны дамытуға шағын және орта бизнестің қатысуы туралы» шешімін орындау туралы.
IV тоқсан:
- 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- 2023-2025 жылдарға арналған арналған Егіндікөл ауданы ауылдарының және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
- Егіндікөл аудандық мәслихаты төрағасының атқарылған жұмыстары жөнінде есебі туралы.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыреті шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыруды және мәслихат шешімдері мен қолданыстағы заңнаманың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді.
- Тұрақты комиссиялардың отырыстарында:
Бюджет, қаржы әлеуметтік-экономикалық дамуы,
экология және ардагерлермен жұмыс
мәселелері бойынша
- Егіндікөл ауданының Интернет және стационарлық байланыс қызметтерін көрсету бойынша желілік-техникалық учаскесінің жұмысы туралы.
- Егіндікөл ауданында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы.
- 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
- Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының 2022 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы.
- Буревестник ауылы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы.
Комиссия Аудандық мәслихаттың қарауына шығарылатын аудан бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері және өз құзыретіндегі басқа да мәселелер бойынша қорытындылар береді.
Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі,
ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері бойынша
- Егіндікөл ауданында қолжетімді медициналық қызмет көрсету туралы.
- Егіндікөл ауданында Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы.
- Егіндікөл ауданының мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастыру туралы.
- Егіндікөл ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Қажет болған жағдайда депутаттық этиканы сақтау мәселелерін қарайды, дайындайды және мәслихаттың қарауына енгізеді.
Депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты мәселелерді алдын ала қарау.
Комиссия Аудандық мәслихаттың қарауына шығарылатын өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар береді.
ІІІ. Іс-шараларды ұйымдастыру
- Аудандық мәслихат депутаттарымен семинар-кеңес өткізу:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депутаттардың өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларын және депутаттық өкілеттіктерін орындау барысы туралы.
- Аудандық мәслихат депутаттары сайлаушылармен байланысты нығайтсын және қолдасын, жиындарға қатыссын, азаматтарды жеке мәселелері бойынша тұрақты түрде қабылдауларын өткізсін, аудандық «Алтын астық» газеті арқылы депутаттардың жұмысы туралы сайлаушыларды хабардар етсін, депутаттардың сауалдар мен депутаттық өтініштерге құқықтарын пайдалансын. Жыл бойы сайлаушылар алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп беру.
Бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді пайдалану, аудандық газет беттерінде үнемі проблемалық сұрақтармен сөз сөйлеу.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары сессияларды дайындауға және олардың жұмысына белсенді қатыссын, аудандық мәслихат шешімдерінің және өз шешімдерінің орындалуына жүйелі түрде бақылау жасасын.
- Аудандық мәслихат аппараты жұмыс тәжірибесін зерделеу және алмасу мақсатында депутаттар күндерін, «дөңгелек үстелде» кездесулер өткізу практикасын жетілдірсін. Депутаттарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
- Мәслихат аппараты қызметкерлерінің курстар мен семинарларда кәсіби деңгейін арттыру.