Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С30-1 «Жетінші шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 30 сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» шешімі

Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С30-1 «Жетінші шақырылымдағы Егіндікөл  аудандық мәслихатының кезекті 30 сессиясының күн тәртібін бекіту  туралы» шешімі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару               және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

VII шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 30 сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Баяндамашы: Придан Светлана Васильевна – Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Егіндікөл ауданы ауылдарының және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.

Баяндамашы: Придан Светлана Васильевна – Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Егіндікөл аудандық мәслихаты хатшысының атқарған жұмыстары жөнінде есебі туралы.

Баяндамашы: Әбілов Бегендік Қуандықұлы – Егіндікөл аудандық мәслихатының хатшысы.

4.     2023 жылға арналған Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік  кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне  көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

  1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 7С18-5 «Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларды өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

6. 2023 жылға арналған Егіндікөл аудандық мәслихаттың келешектегі жұмыс  жоспарын бекіту туралы.

  1. Егіндікөл аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штат санын, оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне арналған шығыстарды және аудандық мәслихаттың 2023 жылға арналған қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды бекіту туралы.
  2. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылатын негізгі мәселе туралы.

 

 Егіндікөл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                            Б. Абилов

Дата публикации
26 декабря 2022