Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С32-4 «Егіндікөл ауданының №№ 758, 759 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына мүшелерді сайлау туралы» шешімі

Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С32-4 «Егіндікөл ауданының №№ 758, 759 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына мүшелерді сайлау туралы» шешімі

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»   Қазақстан  Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Егіндікөл  ауданының № № 758,759 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына мүшелер сайлансын.
  2. Егіндікөл ауданының № 758, 759 учаскелік сайлау комиссиялары 2023 жылғы 19 қаңтарға дейін сайлау комиссияларының төрағаларын, төрағаларының орынбасарларын, хатшыларын сайлау бойынша ұйымдастыру отырыстарын өткізсін.
  3. Учаскелік сайлау комиссияларын құру туралы № 758, 759 шешім, олардың құрамы мен орналасқан жері аудандық «Алтын астық» қоғамдық-саяси газетінде жариялануға тиіс.
  4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                                             Б. Абилов

 

Дата публикации
18 января 2023