Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С32-3 «Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешімі

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау.
  2. Аудандық сайлау комиссиялары 2023 жылғы 19 қаңтарға дейін сайлау комиссияларының төрағаларын, төрағаларының орынбасарларын, хатшыларын сайлау бойынша ұйымдастыру отырыстарын өткізсін.
  3. Сайлау комиссияларын құру туралы шешім, олардың құрамы мен орналасқан жері аудандық «Алтын астық» қоғамдық-саяси газетінде жариялануға тиіс.
  4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                                    Б. Абилов

Дата публикации
18 января 2023