2019 жылғы Егіндікөл аудандық мәслихатының қызметі туралы есеп

Егіндікөл аудандық мәслихатының қызметі туралы есеп

Құрметті депутаттар және сессияға қатысушылар!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Егіндікөл аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес сіздерді 2019 жылғы аудандық мәслихатымен атқарылған жұмысы туралы ақпараттандырамын.

Бір жылдық депутаттық қызметті қорытындылай отыра, біз алтыншы шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары үшін нәтижелі істермен бірге орындалуға жататын жұмыстардың көп екенін жауапкершілікпен айта аламын.

Депутаттық корпустың басты назарында халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуға, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға, округтердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты мәселелер болды.

Аудандық мәслихаттың депутаттары аудан әкімінің халықтың алдында беретін есептік кездесулеріне қатысады, туындаған мәселелердің шешілуіне, ортақ ақпараттық қарым-қатынастың орнауына үлес қосады, сонымен бірге, аудан әкімдігінің консультативтік - кеңесу органдарының жұмыстарына қатысады.

Сондай-ақ депутаттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы, тұрғын-үй, бюджет, кәмілетке толмағандар, жер телімдеріне меншік құқығын беруге және жерді пайдалану құқығын беру комиссияларының құрамдарында жұмыстар атқарды.

Аудандық мәслихаттың депутаттары ауданның жергілікті бюджетіне түсімдерді арттыру бойынша жұмыс тобының, сондай-ақ конкурстық комиссиялардың отырыстарына қатысты.

«Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жұмыс істеді.

Заңға сәйкес мәслихаттардың қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады және дәл сессия арқылы біз Елбасымен белгіленген міндеттерді іске асыра аламыз.

Алтыншы шақырылымның есептік кезеңінде аудандық мәслихаттың 11 сессиясы өтті, соның ішінде 4 кезекті, 7 кезектен тыс. Әртүрлі мәселелер бойынша 56 шешім қабылданды, соның ішінде құқықтық нормаларды белгілейтін 14 шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, тиісті мемлекеттік нөмір берілу арқылы мемлекеттік тізілімге енгізілді. Бекітілген кестеге сәйкес аудандық мәслихаттың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізіліп отырады.

Сессия қызметінде депутаттар аудандық бюджет мәселелеріне, оның қалыптасуына, орындалуына, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға аса көңіл бөледі.

Депутаттық қызметте  барлық бағыттар  маңызды, дегенмен бюджет мәселесі ерекше бақылауда тұрады. Өйткені, жергілікті халықты әлеуметтік қамсыздандыру, экономиканың нақты секторын дамытумен байланысты негізгі міндеттердің шешімі тікелей бюджетке байланысты, сондықтан депутаттар оны әзірлеу барысында аса маңызды жұмыстарды атқарады.

Аудандық бюджеттің жобасы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында  қоғамдық сараптамадан  өтеді.

Осының барлығы бюджеттік қаржының негіздемесін және аудандағы дамудың басым бағыттарын ұйымдасқан түрде  анықтап, мұқият зерделеуге мүмкіндік туғызады.

Осы ретте атқарушы органдармен өзара түсіністік болатынын атап өту керек, олар әрбір ұсынысты жіті қадағалап отырады. Барлық көтерілген мәселелер толық көлемде шешіле бермейді, дегенмен бекітілген бюджетте көрініс таппаған мәселелер бақылауға қойылып, бюджеттің одан әрі нақтылауында немесе келесі жылдары шешімін міндетті түрде табады.

2019 жылы сессияларда «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне бес рет, және де «2019-2020 жылдарға арналған Егіндікөл ауылының бюджеті туралы» шешіміне төрт рет өзгертулер енгізілді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 130 бабына сәйкес 2018 жылғы аудан бюджетінің  атқарылуы жөніндегі жылдық есебі қаралды.

Сессияларда жоспарланған мәселелер атап айтқанда: полиция бөлімінің көші-қон қызметінің жұмысы, 2018 жылғы Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімінің атқарған жұмысы туралы, бюджетті нақтылау мәселелері қаралды.

Солай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына (2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы») сәйкес аудандық мәслихаттың 37 сессиясында аудан әкімі Е.Ш. Исабековтың «Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы» есебі тыңдалды. Есепті талқылау барысында аудандық мәслихаттың депутаты Л.А. Шевцова нақты ұсыныстармен сөз сөйледі.

Аудандық мәслихаттың депутаттарымен сессияларда келесі мәселелер бекітілді:

-  2019 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген  денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы қағидаларына өзгерістер енгізу;

-  Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына өзгерістер енгізу;

Егіндікөл  ауданы  Жалманқұлақ  ауылдық   округінің     әкімшілік-аумақтық   құрылысын    өзгерту туралы бірлескен аудандық мәслихат шешімі және аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды.

Егіндікөл ауданының комиссия құрамдары бікітілді және оларға өзгертулер енгізілді:

  • Учаскелік сайлау комиссияларына;
  • Ауданның Қоғамдық кеңесіне;
  • арнайы әлеуметтік қызметтердің біріктірілген моделдерін енгізу және сапасын бақылау бойынша ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы;
  • әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиялар;
  • Жер комиссялары;
  • Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніңдегі комиссияны;
  • мүгедектерді қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің дербес құрамы.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен жоспарлы жұмыс жүргізіледі.

Жылдың басынан бастап тұрақты комиссиялардың отырыстарында барлығы 10 мәселе қаралды, олардың әрқайсысы бойынша тиісті қорытынды қабылданды.

Тұрақты комиссиялардың назарында болған мәселелер, аудандық бюджетті қалыптастыруына, орындалуына және нақтылауына байланысты сұрақтар, сондай-ақ электр қуатына тарифтер мен тарифтерді құруға қатысты мәселелер қаралды.

Депутаттардың ұсыныстары бойынша Агротехникалық колледждің басшысының жұмысшы кадрларын кәсіби-техникалық дайындау және оларды жұмыспен қамту туралы ақпараты тыңдалды.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмыстары туралы жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау тұрақты комиссиялардың тәжірибесінде қалады.

Одан басқа, тұрақты комиссияларда қаралған мәселелердің арасында ауданның жалпы білім беретін мектептерінде Жаппай оқу қорының іске асырылуы мен Егіндікөл ауданында патриоттық «Туған жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша іс шаралары туралы мәселелер болды.

Аудандық  мәслихаттың депутаттары өздерінің тікелей депутаттық өкілеттіктерінен сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарымен шектеліп қоймай, сондай-ақ аудан әкімдігінің жанындағы консультациялық- кеңес органдарының, Қоғамдық кеңестің, «Нұр Отан» депутаттық фракциясының мүшелері болып табылатыны бәріне белгілі. Одан басқа, депутаттар Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру бойынша насихаттау тобының құрамына кіреді.

Халықпен қарым-қатынаста болу – бұл сапалы депутаттық қызметтің негізі деп сенемін. Барлығы 2019 жылы есепті кезеңде сайлаущылармен 11 кездесу өткізілді, 63 - жеке қабылдаулар, оның ішінде 47 - «Нұр Отан» партиясының аудандық  филиалының қоғамдық қабылдауында жүргізілді, жеке кәсіпкерлердің құқықтары мен мүделерін қорғауға қатысты, ауылдарды көркейту, абаттандыруға байланысты мәселелері бойынша -  4 Депутаттық сауал жолданды. Сонымен қатар, көбінесе едәуір қаражаттық салымды талап етеді- бұл спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы, аудандық Мәдениет үйінің қайта жөндеуі және оның блоктік-модульдік қазандықтың құрылысы. Бүгінгі күнге блоктік-модульдік қазандық орнатылынды, және спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысына конкурс өткізілді. Облыстық бюджеттің қатысуынсыз бұл мәселелерді шешу мүмкін емес екендігін біз түсініп отырмыз.

Өзінің негізгі қызметінен басқа, депутаттар өздері үлгі болып мұқтаж және халықтың әлеуметтік-осал санаттарына қолдау көрсетіп, тұрғындардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастырады.

Депутаттардың белсенді өмірлік ұстанымдары, жерлестеріне қол ұшын беруге талпыныстары олардың атқарушы билікпен бірлесіп ауданда, ауыл және ауылдық округтерде өткізілетін түрлі қоғамдық саяси іс-шараларға және қайырымдылық акцияларына іскерлікпен ат салысуынан көрініс табады.

2019 жылы аудандық мәслихаттың депутаттарымен ауданның әлеуметтік саласына 22 миллион теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілінді. Мысалы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске арысу аясында жыл сайынғы дәстүрге айналған Қоржынкөл ауылында «Ауыл күні» мерекелеуге Қайыр Тлеуғабылұлы Ошақбаевтың қолдаумен жеңіл атлетикалық жүгіру жолы, футбол алаңы және волейбол алаңы бар орталық спорттық стадионына қаражат бөлінді. «Сарымсақты» ЖШС директоры Оралбай Байдуұлының жеке қаражаты есебінен сомасы 17,1 миллион теңгеге, Көркем ауылының оқушылары үшін көп функциялы спорт залы ашылды. Полтава ауылында Алакөл ауылдық кітапханасының негізінде Коворкинг орталығының ашылуы болды.

Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша айлық  өткізу шеңберінде, депутаттар  1,5 млн. теңгеге жуық сомасында материалдық көмек көрсетті.

Халықпен қарым-қатынаста болу – бұл сапалы депутаттық қызметтің негізі деп сенемін. Тек 2019 жылы «Жақсылық жаса» атты акциясының шеңберінде аудандық мәслихаттың депутаттарымен мұқтаж адамдарға көмір сатып алу үшін 200 мың теңге сомасында, жем-шөп сатып алуға – 375 мың теңге, жақындарын жоғалтқан отбасыларына -150 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілінді.

Аудандық мәслихаттың депутаты Рустам Угиұлы Ахмедовтың тікелей қатысуымен Егіндікөл ауылында Ленина көшесі бойындағы шұңқырларды жөндеуге 300 мың теңге сомасында көмек көрсетілінді. Депутат Қабдулмұталиф Омарұлы Достеновтың жеке қаражаты есебінен ауданның су шаруашылығының қажеттілігіне 500 литр жанар-жағар май сатып алынды.

Ауданның ауылдық әкімдіктеріне округтердің тұрғындары үшін әр түрлі іс шараларды өткізуге  жалпы сомасы 300 мың теңге ақшалай қаражат көрсетілінді.

Депутаттар ауданның барлық қоғамдық-саяси іс шараларына белсенді қатысып отырады. Депутаттық корпустың бастамасымен және Агротехникалық колледж студенттерінің қатысуымен Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына  30 жыл толуына орай, интернационалист-жауынгерлермен кездесу өткізілді.

Егіндікөл ауданының өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі мен еңбекте жоғары жетістіктері үшін, аудандық мәслихаттың шешімімен Егіндікөл ауданының Құрметті азаматының атағы Алиякбаров Аменгелді мен Ахметжанов Аллабергенге берілді.

Ағымдағы жылы аудандық мәслихаттың депутаттары сайлайтын, Қоржынкөл, Спиридоновка ауылдарының және Алакөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өткізілді.

Есепті кезең бойы аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілері, өткізілген сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары және аудандық мәслихаттың басқа іс-шаралары жөнінде қарастырылған мәселелер туралы материалдар шықты. Сонымен қатар, халықты толық ақпараттандыру мақсатында аудандық мәслихат сайты ашылды. Сайтта мәслихаттың және депутаттардың қызметі туралы, қабылданған шешімдер мен қаулылары туралы ақпарат алуға, пікір қалдыруға және ұсыныстар енгізуге, сұрақтар қоюға болады

Әсіресе, бүгін де ашық айтуға болады, ауданның депутаттық корпусы, өз сайлаушыларының мүдделеріне жаны ашитын адамдар. Олар Егіндікөл ауданының күрделі әлеуметтік – экономикалық мәселелерін табысты шешу үшін, көптеген жағдайлар жасайды.

Қорыта келе, аудандық мәслихатының барлық депутаттары қоғамда болып жатқан үрдістердің маңыздылығын жақсы түсініп, алдарына қойылған тапсырмаларды шешуде өздерінің рөлі мен орнын өткір сезінеді.

Өкілетті органдарға сайлана отырып, аудан өміріне қатысты түрлі, маңызды шешімдер қабылдау, оның жүзеше асуын бақылау барысында сайлаушылардың мүдделерін қорғау міндеті жүктелгенін жақсы сезінеміз. Бұл дегеніңіз, біздің барлығымыз да сайлау округтерінде тұрып жатқан жүздеген адамдар бізді өздерінің мүдделерін  билік органдарында лайықты көрсетеді, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп сайлағаны және Елбасымен еліміздің билік органдарының алдына қойған мәселелерді ойдағыдай шешуге біз бар күшімізді саламыз.

Дата публикации
09 декабря 2022