2018 жылғы Егіндікөл аудандық мәслихатының қызметі туралы есеп

Егіндікөл аудандық мәслихатының қызметі туралы есеп

Құрметті депутаттар және сессияға қатысушылар!

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Егіндікөл аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес сіздердің назарларыңызға 2018 жылғы аудандық мәслихатымен атқарылған жұмысы туралы есепті ұсынамын.

2018 жылы Егіндікөл аудандық мәслихаты өз қызметінде еліміздің Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңын және де басқа заңнамалық актілерін, аудандық мәслихаттың регламентін және 2018 жылға арналған Егіндікөл аудандық мәслихатының келешектегі жұмыс жоспарын басшылыққа алып, жұмысын абыроймен атқаруда.

         Алтыншы шақырылымның есептік кезеңінде аудандық мәслихаттың 10 сессиясы өтті, соның ішінде 4 кезекті, 6 кезектен тыс. Әртүрлі мәселелер бойынша 54 шешім қабылданды, соның ішінде құқықтық нормаларды белгілейтін 17 шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, тиісті мемлекеттік нөмір берілу арқылы мемлекеттік тізілімге енгізілді.

         Қабылданған шешімдер аудандық бюджеттің және Егіндікөл ауылының бюджеттің бекітілуі мен атқарылуы, азаматтарды әлеуметтік -қорғау және әлеуметтік қолдау, жер қатынастары және ауылшаруашылығы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті мәселелеріне қатысты болды. Одан басқа  Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» жаңа Кодексінің қабылдауына байланысты - ағымдағы жылдың қаңтар айында Егіндікөл ауданы бойынша кірістер басқармасымен - әзірлеуші органмен бірлесе, салық салу мәселесіне қатысты аудандық мәслихаттың шешімдерін заңнамаға сай сәйкестікке келтіру және қайта бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді.

         Нормативтік құқықтық актілерді (шешімдерді) қабылдауда, әзірлеушілері әртүрлі мемлекеттік органдар болып табылады, ал мәслихат қорытынды сатысы инстанциясы болып табылады, осыған байланысты мәслихат ай сайын аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілеріне (шешімдеріне) мониторинг жүргізіледі. Барлығы 2018 жылдың 15 желтоқсандағы жағдайы бойынша қолданыстағы Егіндікөл аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілері (шешімдері) - 14 (2017 жылы -8) қабылдады.

2018 жылы аудандық мәслихатта жаңа ұлттық ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді: шілде айынан бастап шешімдерді электрондық мемлекеттік тіркеуге көшу жүзеге асырылды, сондықтан мәслихат МОИП (мемлекеттік органдардың интернет порталы) жаңа жүйесіне қосылды.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессияларында-

Егіндікөл аудандық мәслихат шешімінің орындалуын бақылау мақсатында «Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және бизнестің экономикалық белсенділігі үшін қолайлы жағдайларды құру туралы» аудан әкімінің орынбасары – Ж.Ж. Жақанов тыңдалды.  «Егіндікөл ауданында білім беру саласының келешектегі дамуы мен жағдайы туралы» сұрағы бойынша «Білім, дене шынықтыру және спорт» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушысы З.А. Алиева есеп берді.

Бастапқы орында экономикалық және әлеуметтік мәселелер болатынын атап өтемін. Олардың іске асырылуына бақылау аудан әкімінің дербес есебі арқылы, сондай-ақ атқарушы органдары басшыларының есептері арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес кезекті 27 сессиясында аудан әкімі Н.Ш. Исабековтың «Өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері туралы» есебі тыңдалды. Есепті талқылау барысында нақты ұсыныстармен аудандық мәслихат депутаты М.Р. Серікбаев сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1142 қаулысымен бекітілген ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ережеге сәйкес аудандық мәслихаттың жиырма алтыншы сессиясында Егіндікөл аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы С.Қ. Құсайыновтың атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалды.

 

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияларында, жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер бойынша қабылданған шешімдерден басқа, өзге де мәслелер қаралды, оның ішінде:

Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін  белгілеу туралы;

Жер  заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы;

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы;

2018 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсету туралы.

         Әкімшілік-аумақтық құрылысты жетілдіру мақсатында, кезектен тыс 25 сессияда Бауман ауылын дамыту және салу схемасы бекітілді.

         Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының негізгі міндеті – заңнамамен айқындалған - сессияларға мәселелерді алдын ала қарау және әзірлеу, мәслихат шешімдерін іске асыруға қолдау көрсету. Сондықтан 2 тұрақты комиссиялардың басты назарында:

         бюджет, қаржы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, экология және ардагерлермен жұмысы мәселелері бойынша (төраға М.І. Бектұров);

         депутаттық өкілеттік және әдеп, жастардың істері, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық пен құқық қорғау мәселелері бойынша (төрайымы Л.А. Шевцова) аудандық бюджетті қалыптастыру, айқындау және орындау туралы сұрақтар үнемі тұрақты комиссиялардың назарында болады. Ағымдағы жылы тұрақты комиссиялардың қарауына 2018 жылға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу жөніндегі мәселелер тұрақты комиссиялардың қарауына 3 рет, ауыл бюджетіне 2 рет енгізілген. Бюджеттік қаражаттардың көп бөлігі халықтың әл-ауқатын арттыруды көздеген мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған. Бұл - білім, тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымы, халықты жұмыспен қамту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және т.б. саланы  дамыту бөлігіндегі бірқатар мәселелерді шешу.

         Аудандық мәслихаты депутаттарының ұсынысы бойынша және бюджеттік қаражаттардың сапалы атқарылуын бақылау мақсатында, 2018 жылғы 18 мамырдағы тұрақты комиссияның отырысында – 2017 жылғы аудан бюджетінің  атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы - Экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.В. Приданның есебі тыңдалды. Депутаттар атқарушы органдардың бюджеттік қаражаттарды тиімді әрі нысаналы орындау бойынша жұмыстың объективті бағасын қамтитын қорытындыны қарастырып, әзірледі және кезекті жиырма алтыншы сессияның бекітуіне 2017 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті енгізді. Қазіргі таңда тұрақты комиссияларда кезекті үш жылдық қаржы кезеңіне аудандық бюджеттің және Егіндікөл ауылы бюджетінің жобалары сараптамадан өтуде. Бюджеттік шығындарды қалыптастыру барысында мәслихат депутаттарымен әлеуметтік қолдау, білім, ауыз сумен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымын дамыту салаларындағы және тағы басқа маңызды проблемалы мәселелер көтеріледі.

            Әдетте «Егіндікөл ауданының елді мекендерін абаттандыруды жақсарту, автомобиль жолдарының жағдайы, жөндеуі және ұстауы туралы» мәселесі болып табылады. Осы сұрақ бойынша  сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Б. Қарабұзауов есеп берді.

        

         2018 жылға арналған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, және  тұрақты комиссиялармен өздерінің өкілеттіліктерінің аясында ауданда мемлекеттік бағдарламалардың және жоспарлардың іске асырылуына бақылау бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатта комиссиялардың отырыстарында мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың бірқатар басшыларының есептері тыңдалды. Атап айтқанда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынның Егіндікөл ауданында  жүзеге асуы туралы» - «Егіндікөл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры, «Аудан тұрғындарының арасында ұлтаралық және дінаралық қатынастарды нығайту үшін жағдайларды құру туралы» - ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.А. Көпжетерова тыңдалды.

         Депутаттардың ұсыныстары бойынша Егіндікөл аудандық ауруханасының бас дәрігері Н.А. Ақбердиевтің «Егіндікөл ауданында денсаулық сақтау саласының келешектегі дамуы мен жағдайы туралы» есебі тыңдалды, депутаттармен бірқатар проблемалы мәселелер белсенді талқылауға түсті. Қабылданған шараларға қарамастан, білікті медициналық мамандардың жетіспеушілігі, жедел медициналық көмек көрсету және құрал-жабдықтардың тозуы  өзекті мәселе болып қала береді.

Сондай-ақ «2015-2020 жылдарға арналған Егіндікөл ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асу барысы туралы» экономика және қаржы бөлімінің басшысының (С.В. Придан ), «Өмірдің қиын жағдайына ұшыраған мүгедектерді, қарт азаматтарды және азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмысы туралы» - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының ( Муллаянова Г.С.) есептері тыңдалды.

 

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының ұсынысы бойынша уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстарды талқылау жөнінде аудандық мәслихаттың депутаттарының қатысуымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыс өткізілді.

Барлығы тұрақты комиссиялардың 10 отырысы өткізілді. Қаралған барлық мәселелер бойынша сәйкес қаулылар қабылданып, қорытындылар шығарылды.

Аудандық  мәслихаттың депутаттары өздерінің тікелей депутаттық өкілеттіктерінен сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарымен шектеліп қоймай, сондай-ақ аудан әкімдігінің жанындағы консультациялық- кеңес органдарының, Қоғамдық кеңестің, «Нұр Отан» депутаттық фракциясының мүшелері болып табылатыны бәріне белгілі. Одан басқа, депутаттар Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру бойынша насихаттау тобының құрамына кіреді. Ағымдағы жылды қыркүйек айында аудандық мәслихаттың депутаттары Көкшетау қаласында өткен «Мәслихаттар және Қоғамдық кеңестер: азаматтық қоғамды тиімді дамыту жолында» тақырыбындағы облыстық форумға ат салысты.

         Халықпен қарым-қатынаста болу – бұл сапалы депутаттық қызметтің негізі деп сенемін. Барлығы 2018 жылы есепті кезеңде сайлаущылармен 12 кездесу өткізілді, 75 - жеке қабылдаулар, оның ішінде 46 - «Нұр Отан» партиясының аудандық  филиалының қоғамдық қабылдауында жүргізілді, мүгедектерді дәрігерлік-еңбек сараптамасынан өту, Қоржынкөл ауылының көше-жол жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізу, және сумен жабдықтау жүйелерін жаңарту мәселелері бойынша -  3 Депутаттық сауал жолданды.

         Депутаттардың белсенді өмірлік ұстанымдары, жерлестеріне қол ұшын беруге талпыныстары олардың атқарушы билікпен бірлесіп ауданда, ауыл және ауылдық округтерде өткізілетін түрлі қоғамдық саяси іс-шараларға және қайырымдылық акцияларына іскерлікпен ат салысуынан көрініс табады. Мәселен, аудандық мәслихат депутаттары Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға құрмет көрсетуге - Жеңіс күнін өткізуге,  көп балалы және аз қамтылған отбасыларына Халықаралық балаларды қорғау күніне, «Мектепке жол» атты жыл сайынғы акциясына, Халықаралық қарттар күніне материалдық көмек көрсетілген болатын, сондай-ақ облыста, ауданда, ауылдарда және ауылдық округтерде өткізілетін маңызды әлеуметтік-саяси іс шараларға  белсенді қатысып отырады. Олар 3 млн. теңгеден астам сомға көмек көрсетті.

         Біздің депутаттардың кәсіби қызметі Егіндікөл ауданының аумағында ғана емес, сондай ақ Қазақстан шегінен тысқары атап өтілгенін қуанышпен атап өтуге болады. Мәселен, № 1 сайлау округінің депутаты Қ.О. Достенов Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтастық үшін «Ұлттық бірлік» Қоғамдық  бағдарламасның шеңберінде  дипломмен марапатталып және Мәскеу қаласында  «Ықылас» халықаралық сыйлығының мүсіншесіне ие болды.

         Депутаттық қызметтің негізгі бағыттарының бірі бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс болып табылады. Есептік кезең бойы аудандық  баспасөз құралдарының беттерінде 5 мақала жарияланды: № 8 сайлау округінің депутаты Б.Қ. Әбіловтың «Мемлекеттік қызметшінің бет-бейнесі», «Латын қарпіне көшу – заман талабы», № 9 сайлау округінің депутаты Р.У. Ахмедовтың «Курс на рост благосостояния казахстанцев», № 11 сайлау округінің депутаты Т.Қ. Боқышевтің «Рухани жаңғыру кілті – ұстаз қолында», № 2 сайлау округінің депутаты О.Б. Глашевтің « Рухани жанғыру- қоғамдық сананы жанғырту» атты мақалалары жарық көрді. Сонымен қатар, халықты толық ақпараттандыру мақсатында аудандық мәслихат сайты ашылды. Сайтта мәслихаттың және депутаттардың қызметі туралы, қабылданған шешімдер мен қаулылары туралы ақпарат алуға, пікір қалдыруға және ұсыныстар енгізуге, сұрақтар қоюға болады.    

         Ағымдағы жылы Бауман ауылының және Ұзынкөл аулдық округінің әкімдерінің сайлауы жақсы ұйымдастырушылық деңгейде өткізілген болатын.

Сайлау комиссияларының өкілеттілік мерзімінің өтуіне байланысты және Орталық сайлау комиссиясының ұсыныстарымен, ағымдағы жылы қазан айынан бастап желтоқсан айына дейін аудандық мәслихатта Егіндікөл ауданы бойынша аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде.

Менің депутаттық қызметім басқа депутаттардың  қызметімен тығыз байланысты. Аудандық мәслихат хатшысы ретінде аудан әкімінің апта сайынғы шұғыл жиналыстары мен аудан әкімдігінің отырыстарына қатысып, аудан мен облыста өткізілетін барлық іс-шаралар мен жиындарға ат салысамын.

Қорыта келе, аудандық мәслихатының барлық депутаттары қоғамда болып жатқан үрдістердің маңыздылығын жақсы түсініп, алдарына қойылған тапсырмаларды шешуде өздерінің рөлі мен орнын өткір сезінеді.

Заңнамамен берілген өкілеттіктерді тиімді қолдану арқылы әрі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жыл сайынғы Жолдауларында, басқа да бағдарламалық құжаттарда айтылған стратегияны қолдау арқылы аудандық мәслихат депутаттары атқарушы билікпен, ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен, бизнес құрылымдарымен бірлесіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін бар күшін салатынына сіздерді сендіргім келеді.

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар, келер Жаңа 2019 жыл қарсаңында, сіздерге жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін!
Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін!

 

Дата публикации
09 декабря 2022