2017 жылғы Егіндікөл аудандық мәслихатының қызметі туралы есеп

Егіндікөл аудандық мәслихатының қызметі туралы есеп

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Егіндікөл аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес сіздердің назарларыңызға 2017 жылғы аудандық мәслихатымен атқарылған жұмысы туралы есепті ұсынамын. Егіндікөл аудандық мәслихатының алтыншы шақырылған депутаттары үшін маңызды әрі нәтижелі істерге толы болғанын жауапкершілікпен айта аламын.

Ауданымыздың жергілікті өкілді органы, Егіндікөл аудандық мәслихаты өз қызметінде еліміздің Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және де өкілетті билік органдарының қызметін регламенттейтін басқа заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады және ауданның динамикалық дамуы және халықты тұрмыс деңгейін жоғарылату үшін жағдайлар құруды шешуге мәслихат және оның депутаттары белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

 Мәслихаттар қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылатыны заңнамамен айқындалған, дәл сессия арқылы біз Елбасымен белгіленген міндеттерді іске асыра аламыз. Барлығы 2017 жылы аудандық мәслихаттың 8 сессиясы өтті ( және ағымдағы тағы да бір кезектен тыс сессиясын өткізу жоспарланып отыр), соның ішінде 4 кезектен тыс, әр түрлі мәселелер бойынша 41 шешім қабылданды, соның ішінде құқықтық нормаларды белгілейтін 12 шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, тиісті мемлекеттік нөмір берілу арқылы мемлекеттік тізілімге енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидалары мен аудандық мәслихат хатшысы бекіткен кестеге сәйкес аудандық мәслихаттың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің (шешімдерінің) мониторингі жүргізілуде, солардың қорытындылары бойынша тоқсан сайын және жарты жыл сайын Ақмола облысының Әділет департаментіне есептер ұсынылады.

Елбасымыздың Жолдауындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру, мәслихат үшін кезекті маңызды қадам болды. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылдан бастап ауылдық округ әкімдерін мәслихаттармен жасырын дауыс беру, баламалы негізде сайлауды енгізу туралы заңнамалық шешім қабылданды. Естеріңізге сала кетсек, бірінші аудандық мәслихат депутаттарымен Егіндікөл ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау 2013 жылдың 8 тамызында өтті. Бәсекелік күрестің арқасында билікке халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін кез келген мәселелерді шеше алатын адамдар келді. Биылғы жылы да ауданың ауыл және ауылдық округтер әкімдірінің кезекті сайлауы тағайындалып өткізілді.

Мәслихат сессияларында аудандық бюджетті бекіту және атқарылуы, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру, мысалы, Егіндікөл ауданында «Агробизнес -2020», «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асу барысы туралы, аудандық бюджетке өзгертулерді енгізу және басқа да маңызды мәселелер қаралды.  Бюджеттік қаражаттың көп бөлігі халықтың әл-ауқатының өсуіне бағытталған,  мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруына икемделген. Оларды іске асыруды бақылау аудан әкімінің есебі, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар басшыларының дербес есептері арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айында  кезекті он төртінші сессияда аудан әкімі Н.И. Төлеповтың «Өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері туралы» есебі тыңдалды. Сондай –ақ Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің және Егіндікөл ауданы ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының есебі тыңдалды.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен де жұмыстар жүргізіледі.  (төрағалары М.І. Бектұров, Л.А. Шевцова)

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комисссияларының негізгі мақсаты – сессияларда мәселелерді алдын ала қарау және әзірлеу, мәслихат шешімдерін іске асыруға қолдау көрсету. Сондықтан аудандық бюджетті қалыптастыру, айқындау және орындау туралы сұрақтар үнемі тұрақты комиссиялардың назарында болады. Тек осы жылдың ағымдағы кезеңінде 2017 жылға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы сұрақтар тұрақты комиссияда 4 рет қарастырылды. Негізгі өзгерістер бізге әлеуметтік бағдарламалар құнының жоғары үлесін ұстап тұруға мүмкіндік беретін, жоспарланған жобаларды іске асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттерден қосымша трансферттерді бөлуге қатысты.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен жоспарланған жұмыстар жүргізілді. Барлығы ағымдағы жылы  тұрақты комиссиялардың отырыстарында 16 мәселе қаралды, оның ішінде Егіндікөл ауданында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама іске асуы туралы, «Егіндіккөл су» ШЖҚ МКК жұмысы туралы, Егіндікөл ауылындағы инфрақұрылымдардың жағдайы мен болашақтағы дамуы туралы және басқа маңызды мәселелер бойынша басшылардың есептері тыңдалды.

Мәселен, тұрақты комиссиялардың отырыстарын және аудандық мәслихаттың сессияларын дайындау барысында, кейбір басшылар тұрақты комиссиялардың отырыстары болсын, аудандық мәслихаттың сессиялары болсын ақпаратты ұсынуға өте шалағай үстірт қарайды. Ақпарат күн тәртібінде тұрған істің, мәселенің шындық жағдайын толық көлемде қамтып көрсетпейді. Естеріңізге сала кетейін, құрметті басшылар, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11 бабының 7 тармағына сәйкес  «Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшылары, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшiн мәслихат сессиясына келуге мiндеттi». Жоғарыда аталынған мәселе бойынша жаңылыс болмайтынына және өзара түсінушілікке келеміз деп үміттенемін.

Аудандық мәслихаттың барлық іс шаралары ашық және айқын түрде өтеді. Сессия жұмысына аудан әкімі және оның орынбасарлары, аудандық газеттің өкілдері, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік органдардың басшылары қатысып отырады. Депутаттар аудан әкімінің халықпен есепті кездесулеріне белсене қатысады, сондай-ақ аудан әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңес органдарының жұмысына қатысып отырады. Бұның бәрі өзара ақпарат алысуды жақсартуға, туындаған проблемалар бойынша шешімдер табуға мүмкіндік береді.

         Аудандық мәслихатта «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы да белсенді жұмыс істейді. Фракция депутаттарының қызметі  атқарушы органдармен, «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірлесе ауданның әлеуметтік – экономикалық сұрақтарды шешуге көзделген.

         Депутаттық өкілеттікті орындау аудандық маңызы бар өзекті мәселелер шешілетін аудандық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысудан басқа маңыздылығы жоғарыда аталған шаралардан кем түспейтін сайлаушылармен жұмыс та кіреді. Сайлаушылардың сенімін ақтап, олардың аманат-тілектерін тиімді орындау үшін барынша тырысу аудандық мәслихаттың барлық депутаттарының басты мақсатына айналды.

         Бүгінде мәслихатта кәсіби, қазіргі заманға сай депутаттар командасы құрылды, олар өз құзыреті мен мүмкіндіктері шегінде шұғыл әрі нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс атқаруға қабілетті. Депутаттардың әрқайсысы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жеке қатысу бойынша нақты міндеттерді айқындап, оларды абыроймен орындау үшін еңбектенуден аянбайды: әр депутат үнемі тұрғындарды қабылдап, сайлаушылармен кездесіп, атқарушы билікпен бірігіп әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына қатысып, сайлауалды бағдарламада мәлімдеген уәделерінің орындалуын бақылауда ұстайтынын айтқым келеді. Барлық депутаттар ауыл және ауылдық округтердің әкімдері және аудан әкімінің тұрғындармен есепті кездесулеріне қатысады.

         Өткен кезеңде атқарушы органдарға көшелерді жарықтандырумен қамтамасыз ету, қоқыс контейнерлерін орнату, балабақшаға төленетін  төлемдер, мемлекеттік мекемелердің қызметшілерінің сыйақылары және Егіндікөл ауданының жанындағы тұрғын үй комиссиясының жұмысы туралы мәселелер бойынша 4 депутаттық сұраным жолданды.

         Ақпаратты – насихаттау жұмыстар жүргізу мақсатында аудандық «Алтын астық» газетінде депутаттардың мақалаларын жариялау бойынша аудандық мәслихатта «Медиа-Жоспар» бекітілді. Мысалы: «Жастар – еліміздің болашағы» атты № 6 сайлау огругінің депутаты М.І. Бектұровтың, «Профессиональный выбор современной молодежи: быть или не быть…? » атты № 3 сайлау округінің депутаты Л.А. Шевцованың, «Жобалы іс орындалады» атты  № 8 сайлау округінің депутаты Б.Қ. Әбіловтың мақалалары жарық көрді. Құрметті әріптестер, БАҚ беттерінде жариялымдар осыдан тоқтап қалмай әрі қарай жандана түсу қажет. Халықты аудандық мәслихат пен оның депутаттары қызметі, қабылданып жатқан шешімдер мен қаулылар туралы  толық хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихаттың сайтында ақпарат жиі жайғастырылады.

         Мен айтып кеткенімдей, аудандық мәслихаттың депутаттары өздерінің тікелей депутаттық өкілеттіктерінен шектеліп қоймай аудан әкімдігінің жанындағы 22 әр түрлі консультативті- кеңес органдарының жұмысына қатысады.

         Депутаттардың белсенді өмірлік ұстанымы, жерлестеріне жәрдемдесуге талпынуы олардың әрқайсысының атқарушы билікпен бірлесіп ауданда және ауылдық округтерде өткізілетін түрлі қоғамдық-саяси іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына мен науқандарына ат салысатындарын айшықтайды. Аталмыш іс-шараларға қатысудан бөлек, аз қамтылған отбасыларына, еңбек ардагерлеріне, қарт адамдар мен мүгедек жандарға материалдық көмек көрсетілген болатын. Солай, аудандық мәслихаттың депутаттары тек биылғы жылы 6 000 000 теңгеден астам материалдық көмек көрсетті. Материалдық көмек аз қамтылған обасыларына, спорттық іс-шараларды өткізуге, музыкалық аспаптарды сатып алуға, әр түрлі мәдени іс шараларды өткізуге, № 1 аудан мектебінің акті залын безендіруге көмек көрсетілінді. Егіндікөл ауданы әкімінің бастамасымен міне екінші жыл бойы ауылдарды  көркейту, аббаттандыру, көгалдандыру шарасында «Ауыл күні» акциясы аталып келеді. Акция - әрі қарай қайырымдылық пен демеушілікті дамытуды ұйғартады. Биылғы жылы акция біздің әріптесімізбен № 2 сайлау округінің депутаты О.Б. Глашевпен Полтавское ауылында өткізілінді, оны өткізуге _____ жұмсалынды.  Депутаттық корпустың бастамасымен Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы, 2010 жылғы әскери қызметшілер арасындағы бокстан әлем чемпионы және 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы күміс жүлдегер, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының Президенті кубогының 2 дүркін чемпионы, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпияда ойындарының қатысушысы, Германияда, Чехияда, Украинада, Венгрияда, Қытайда, және Ресейде өткен «А» классындағы көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы – біздің атақты жерлесіміз, Жалманқұлақ ауылының тумасы – Қазақстан Республикасының спорт шебері Ильяс Слейменовтің кубогіне арналған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир ұйымдастырылып өткізілді.

         Осы сәтті пайдалана отырып өзімнің әріптес- депутаттарыма  біздің ауданның қоғамдық өміріне зор үлес қосқаны үшін алғыс білдіргім келеді.

 Аудандық мәслихаттың қызметі ауданның атқарушы  билігімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Аудандық мәслихаттың апппараты әкімдік өткізетін барлық отырыстарға, шұғыл кеңестерге қатысады. Аудан әкімі сессия жұмысына қатысады, сындарлы ұсыныстарын енгізеді, бұл деген өзара ақпарттандыруды жақсартады, проблемалық мәселелерді шешуге түсінушілікке жетуге себебін тигізеді.

            Атқарылған жұмыс туралы есеп – бұл тек алтыншы шақырылымның өткен кезеңдегі аудандық мәслихаттың атқарған жұмыстарына қорытынды жасау ғана емес, сонымен қатар болашаққа жоспарды анықтаудың жақсы себебі. Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттық корпусы заңнамамен берілген өкілеттіктерді тиімді пайданала отырып, және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауындағы стратегияны қолдап, депутаттық белсенділікті арттырып, атқарушы билікпен, ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен, бизнес құрылымдарымен бірлесіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін бар күшін салатынына сіздерді сендіргім келеді.    

 

Дата публикации
09 декабря 2022