Егіндікөл аудандық мәслихатының қызметі туралы есеп

Егіндікөл аудандық мәслихатының қызметі туралы есеп

 

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!

         Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәслихаттың Үлгілік регламентін бекіту туралы» назарларыңызға алтыншы шақырылымның өткен  жылғы атқарылған жұмыстар туралы аудандық мәслихат хатшысының есебін сіздердің қарауларыңызға ұсынамын.

         Егіндікөл аудандық мәслихатының VІ шақырылымның құрамына 11 депутат сайланды. Халық қалаулылары құрамында ауданда тұратын әр түрлі ұлттың өкілдері және әртүрлі мамандық иелері. 10 депутаттар «Нұр Отан» партиясының мүшелері, бұл халық арасында Президент партиясының жоғары беделі екендігі куәландырады, бір депутат – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан.

         Қазіргі уақытта мәслихаттар республикада қоғамдық – саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық салаларына айтарлықтай белсенді әсер етеді. Мұны аудандық мәслихаттың жұмысына талдау куәландырады.

         Өткен жылды қорытындылай келе, біз толық жауапкершілікпен Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын іске асырумен байланысты мәселелер және басқа да стратегиялық сипаттағы бағдарламалық құжаттар аудандық депутаттық корпусының назарында болғанын айта аламыз.

         Депутаттар еліміздің маңызды әлеуметтік-саяси оқиғаларына белсенді қатысады. Әр халық қалаулысы өз сайлау округінде атқарушы органдармен бірге мемлекетіміз үшін тағдыршешті құжаттарды түсіндіру жұмысына белсене кірді. Депутаттар аудан халқына Қазақстан Республикасының Жер кодексін түсіндіру жұмыстарына белсене қатысты. Өткізілген іс шаралар барысы 1500 астам адамды қамтыды.

         Депутаттар аудан әкімінің халықпен есепті кездесулеріне белсенді қатысады, сондай-ақ аудан әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңес органдарының жұмысына қатысып отырады. Бұның бәрі өзара ақпарат алысуды жақсартуға, туындаған проблемалар бойынша шешімдер табуға мүмкіндік береді. Мысалы: Депутаттар Егіндікөл ауданы Қоғамдық кеңестің құрамына, жер учаскелерін беру туралы өтініштерді қарау бойынша комиссияның құрамына, Егіндікөл ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үйлестіру кеңестерінің құрамына, Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамына кірді. Аудандық мәслихаттың депутаттары Ақмола облысының жергілікті бюджетке  қосымша резервтегі түсімдерді анықтау бойынша және жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс топтарының құрамына кіреді. «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы да белсенді жұмыс істейді.

         Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде депутаттық фракциясы өткізілді. Олардың арасында аудандық  бюджетті қалыптастыру  және  оны  атқару, ауданда Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға қатысты мәселелер болды. Сессияда жан-жақты талқылаудан кейін қалыптасқан экономикалық жағдайды және экономиканың негізгі салаларының даму тенденцияларын ескере отыра, Егіндікөл ауданының  аймақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына өзгертулер мақұлданды.  Ауданның ауылдарында және ауылдық округтерінде  мәдени –ойын-сауық нысандарын дамыту туралы және жастар ресурстық орталығының қызметі туралы есептер тыңдалынды.

            Нұротандық депутаттар партия филиалының  қоғамдық қабылдауында азаматтардың қабылдауын өткізеді. Жарты жыл сайын «Нұр Отан» Партиясының» жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қоғамдық Кеңесі жұмыс істейді, оның құрамына да депутаттар кіреді.

            Заңға сәйкес мәслихаттар қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады және дәл сессия арқылы біз Елбасымен белгіленген міндеттерді іске асыра аламыз.

            Аудандық  мәслихатпен өткен жылда 36 мәселе қаралған 10 сессия өткізілді, оның ішінде 9 нормативтік құқықтық актілер. Олардың арасында аудандық  бюджетті қалыптастыру  және  оны  атқару, аудандық  маңызы бар жолдардың жағдайы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, халықты  әлеуметтік  қорғау  жүйелерін  дамыту  келешектері  мен жағдайына байланысты және  бірқатар басқа маңызды мәселелер қаралды.

         Ауданның қызмет басшылары, жеркілікті атқарушы органдарының басшылары мен қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін шақырумен өтетін аудандық мәслихаттың сессиясында Егіндікөл ауданы  әкімінің ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі тыңдалды. Бұл есеп ауданның проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстың тиімділігі дәрежесін жан-жақты талдаудың механизмі, Елбасымыз белгілеген бағытпен өз әрекеттерімізді салыстыру болып табылады.

         Депутаттық  корпус аудандық мәслихаттың сессиясында Егіндікөл ауданы әкіміне, Жалманқұлақ ауылдық округтің әкіміне және Спиридоновка ауылы әкіміе  жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы  жөніндегі  есептері тыңдалды.

         Осыған орай, халықты әлеуметтік қамсыздандыруға, экономика секторының нақты дамуына байланысты, негізгі міндеттерді шешу бюджетке ғана негізделеді. Депутаттар оны әзірлеуде, алдын ала қарау кезеңінде айтарлықтай жұмыстар жүргізіледі.

         Аудандық бюджеттің жобасы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында қатаң қоғамдық сараптамадан өтті. Осының барлығы ақшалай қаражаттың бөлінуінің негізділігін жете зерттеуге және ұжымдасып дамудың негізгі басымдылықтарын белгілеуге мүмкіндік берді.

         Өкінішке орай, бюджеттің шектеулі екенін ескере отыру керек. Осыған орай, бюджетті бекіту кезінде өз көрінісін таппаған мәселелер бақылауға алынды және бюджетті нақтыландыру кезінде келесі жылдары алғашқылық тәртібімен шешіледі. Әрине, барлық көтерілетін мәселелер толық түрде шешіле бермейді, бірақ біз оларды орындауға тырысамыз және атқарушы органдармен толықтай  өзара түсінушілік табамыз.

         Өздерінің өкілеттігі шеңберінде депутаттармен ауданда негізгі мемлекеттік бағдарламалрды іске асыруды бақылау бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

         Егіндікөл ауданының әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңес органдарының құрамдарына өзгертулер енгізіліп бектілінді.

         Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен жоспарланған жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы 11 мәжіліс өтікізілді, онда 13 мәселе қарастырылды.

  Заңнаманың талаптарына сәйкес аудан бюджетін қабылдау мен атқарылуына байланысты мәселелер қарастырылды.

  Сондай- ақ депутаттар назарында мынандай мәселелер болды:

  • Жастардың әлеуметтік - маңызды  проблемаларын шешу және ауданның қоғамдық өміріне тарту бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметі туралы;
  • 2016 – 2017 жылдарға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы;
  • Егіндікөл ауданының ауылдарында және ауылдық округтерінде мәдени-ойын-сауық мақсатындағы нысандардың келешектегі дамуы және жағдайы туралы.

            - 2016 жылға арналған Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.

            Өкілді органдардың жұмысының тиімділігін арттыруға себептесетін, депутат корпусының атқарушы құрылымдармен, азаматтық қоғам институттарымен әрекеттестікті қалыптастыратын қоғамдық іс-шараларды өткізуге біз үлкен назар аударамыз.

            Құрметті әріптестер! 

            Жергілікті өкілетті билік органдарында тік бағынушылық жоқ. Сол уақыттада біз шешетін мақсаттар мен міндеттер бірдей. Осыған  байланысты, олардың қызметінде, мәслихаттар жұмыстарын тиімділігі мен біліктілігін жоғарлату мақсатында, Ақмола облыстық мәслихатының шешімімен мәслихаттардың қызметін үйлестіру бойынша Кеңес құрылды, оның құрамына барлық деңгейдігі хатшылар енді. Кеңес отырыстарында облыстық мәслихаттардың өмірлік қызметіне және олардың жұмыстарын жетілдіруге қатысты әр түрлі мәселелер қаралады.

         Аудандық газеттердің бетінде екі тілде мәслихаттың нормативтік құқықтық актілері, өткізілген сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары және аудандық мәслихаттың басқа іс-шаралары жөнінде қарастырылған мәселелер туралы материалдар шықты.

            Әдістемелік көмек және қажетті құқықтық ақпарат алу мақсатында «Мәслихат», «Мәслихат және әкімдік» журналдарына жазылу ұйымдастырылды.

            Тұрғындардың өкілетті биліктің қызметі туралы толығырақ хабардар болуы үшін, депутаттық корпуспен интерактивті түрде байланысу мақсатында аудандық мәслихаттың сайты жұмыс істейді. Осы сайтта қызметті ұйымдастыру және мәслихаттардың өкілеттілігі туралы ақпарат алуға, депутаттар мен олардың жұмыс бағыттарымен, мәслихаттар сессиялар және тұрақты комиссиялардың отырыстарында қабылдған нормативтік құқықтік актілермен танысуға болады.

         Депутаттар еліміздің барлық мемлекеттік мерекелеріне, қоғамдық-саяси  іс-шараларға белсенді қатысты.

         Әсіресе, бүгін де ашық айтуға болады, ауданның депутаттық корпусы, өз сайлаушыларының мүдделеріне жаны ашитын адамдар. Олар Егіндікөл ауданының күрделі әлеуметтік – экономикалық мәселелерін табысты шешу үшін, көптеген жағдайлар жасайды.

         Мысалы, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өту қарсаңында аудандық мәслихаттың депутаты О.Б. Глашевпен Алакөл ауылдық округінде ауылдық клубты қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, қазіргі уақытта заманауи көрікті ғана емес, мәдени орталық мәртебесіне ие болды. Клубты қайта қалпына келтіруге 250 млн. теңгеден астам ақша жұмсалынды.

         «Жақсылық жаса» акциясы шеңберінде аудан депутаттарымен мүмкіндігі шектеулі балаға есту аппаратын сатып алу үшін 200 мың теңгеден астам көлемінде материалды көмек көрсетілінді. Балабақшаларды, ауданның мектептерін азық – түлікпен қамтамасыз етеді, спорттық іс шараларды өткізуге демеушілік көмектерін аямайды, мектепалды лагерлерін ұйымдастыруға қолдан келерлік көмектерін көрсетеді.

         Бизнестің әлеуметтік жауакершілігі шеңберінде аудандық мәслихаттың депутатымен Медициналық академияның студентіне степендия төлеу үшін 300 мың теңге сомасында меморандум жасалынды.

         Тоғанас ауылындағы мешіттің құрылысына депутаттар 200 мың теңгеден астам материалдық көмек көрсетті. Егіндікөл ауылындағы «Кәусар» мешітіне 500 мың теңгеден астам көмек көрсетілінді.

         Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша айлық өткізу шеңберінде жалпы сомасы 800 мың теңгеге көмек көрсетілінді.

         Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету және жолдарды тазалау мәселелерін шешуде материалдық көмектер көрсетіледі.

         Депутаттар ұсынған есептерге сәйкес сайлаушылармен 7  жиналыстар және кездесу өткізілді, 24 үндеу қаралды, жеке мәселелері бойынша 80 адам қабылдалынды.

         Атқарушы органдарға Молодежная және Пушкина көшелерін жарықтандырумен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты 1 депутаттық сұраным жолданды.

         Осымен қатар біздің жұмыста ақаушылық пен кемшіліктер бар екенін атап шығу қажет.

         Сөйтсе де, барлық депутаттардан өздерінің депутаттық міндеттерін атқару бойынша тиіс белсенділікке қол жеткізе алмадық. Ұсынылған есептерді қарағанда, депутаттардың барлығы бірдей сайлаушыларымен кездесулер мен жиналыстар өткізе бермейді.  Оларды өздерінің сайлау алды бағдарламаларының атқарылуы, мәслихаттың жұмысы туралы ақпараттандырмайды. Депутаттардың барлығы бірдей өз тарапынан мәслихат органдарының жұмыстарында белсенділік көрсете бермейді. Депутаттардың барлығы бірдей сессияларды және тұрақты комиссияны қарастыруға мәселерді дайындауда тиісті белсенділік көрсетпейді.

         Бізге сайлау округтерінде және өздерінің сайлау алды уәделерін орындау бойынша жұмыстарды жандандыру қажет.

         Депутаттық сұранымдары бойынша сайлаушылардың мүдделерін қорғау үшін өздерінің құқықтарын  кеңінен қолдану қажет. Жергілікті орындарда ауданның атқарушы органдарымен, өткізілетін жұмыстарға белсенді қатысып, өзара әрекет жасау қажет.        

         Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! 

         Бар кемшіліктер  мен  ақаулықтарға қарамай өткен кезеңде көптеген маңызды жұмыстар өткізілді.. Өзіміздің білімімізді, өмірлік тәжірибемізді, шығармашылық жігерімізді біріктіре отырып, біз нақтылы нәтижелерге жете алатынымызға сенемін.  Біз өзіміздің жұмысымызда үнемі аудан әкімі Нарима Ихсанұлының жағынан қолдауды сезінеміз және бұл үшін ризашылығымызды білдіреміз.   Біз бір командамыз, алдымызда бір мақсаттар мен міндеттер тұр.

            Өкілетті органдарға сайлана отырып, аудан өміріне қатысты түрлі, маңызды шешімдер қабылдау, оның жүзеше асуын бақылау барысында сайлаушылардың мүдделерін қорғау міндеті жүктелгенін жақсы сезінеміз. Бұл дегеніңіз, біздің барлығымыз да сайлау округтерінде тұрып жатқан жүздеген адамдар бізді өздерінің мүдделерін  билік органдарында лайықты көрсетеді, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп сайлағаны және Елбасымен еліміздің билік органдарының алдына қойған мәселелерді ойдағыдай шешуге біз бар күшімізді саламыз.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
09 декабря 2022