Егіндікөл аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 6С54-7 шешімімен
бекітілген
2021 жылға арналған
Егіндікөл аудандық мәслихаттың
келешектегі жұмыс жоспары
Аудандық мәслихаттың сессияларында
I тоқсан:
- Егіндікөл ауданының халқының денсаулығын нығайту бойынша жағдайы мен шаралары туралы .
- Қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және азаматтардың мүлкін сақтау жөніндегі шаралар туралы.
II тоқсан:
- 2020 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.
- 2020 жылғы арналған Егіндікөл ауданы ауылдарының және ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.
III тоқсан:
- Егіндікөл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөнінде есебі туралы.
- Алакөл ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттердің орындалуы жөнінде есебі туралы.
IV тоқсан:
- 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- 2021-2023 жылдарға арналған арналған Егіндікөл ауданы ауылдарының және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
- Егіндікөл аудандық мәслихаты хатшысының атқарған жұмыстары жөнінде есебі туралы.
Тұрақты комиссиялардың отырыстарында:
Бюджет, қаржы әлеуметтік-экономикалық дамуы, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша
1. 2015 -2020 жылдардағы Егіндікөл ауданының Аумақтарын дамытудың мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы.
2. 2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы.
3. 2020 жылғы Егіндікөл ауданы ауылдарының және ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы туралы.
4. 2015 – 2019 жылдардағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.
5. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
6. 2022-2024 жылдарға арналған Егіндікөл ауданының ауылдық округтер мен ауылдарының бюджеті туралы.
Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастардың істері, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері бойынша
1. «Егіндікөл ауданында Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.
2. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.
3. Егіндікөл ауданында дене шынықтыру мәдениетін және спортты дамыту мен қолдау туралы.
4. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырылуы туралы.