Егіндікөл аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 6С42-10 шешімімен
бекітілген
2020 жылға арналған
алтыншы шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихаттың
келешектегі жұмыс жоспары
- Аудандық мәслихаттың сессияларында
I тоқсан:
- Егіндікөл ауданында ауылшаруашылығының жағдайы және оның дамуына шағын және орта безнестің қатысуы.
- Егіндікөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 6С14-3 «Егіндікөл ауданында 2016 - 2020 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасынның жүзеге асу барысы туралы» шешімінің орындалуы туралы.
II тоқсан:
- 2019 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.
- 2019 жылғы Егіндікөл ауылының бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.
- Бауман ауылы әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттердің орындалуы жөнінде есебі туралы.
III тоқсан:
- Егіндікөл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөнінде есебі туралы.
- Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттердің орындалуы жөнінде есебі туралы.
IV тоқсан:
- 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- 2021-2023 жылдарға арналған Егіндікөл ауданының ауылдық округтер мен ауылдарының бюджеті туралы.
- Егіндікөл аудандық мәслихаты хатшысының атқарған жұмыстары жөнінде есебі туралы.
Тұрақты комиссиялардың отырыстарында:
Бюджет, қаржы әлеуметтік-экономикалық дамуы, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша
1. Егіндікөл ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы.
2. 2019 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы.
3. 2019 жылғы Егіндікөл ауылы бюджетінің орындалуы туралы.
4. 4-ші деңгейдегі бюджетті ендіру, мәселелері және келешегі, сондай-ақ сәйкес бюджеттердің жобаларын талқылауға азаматтардың қатысуын жұмылдыру.
5. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
6. 2021-2023 жылдарға арналған Егіндікөл ауданының ауылдық округтер мен ауылдарының бюджеті туралы.
Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастардың істері, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық пен құқық қорғау мәселелері бойынша
1. Егіндікөл ауданы бойынша кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы.
2. Бүлдіргіш діни ағымдарына қарсы іс -қимыл және алдың алу бойынша жастар арасында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
3. 2020-2021 жылдарға арналған әлеуметтік сала нысандарының жылу беру маусымына дайындығы туралы.
4. Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау және жалпы спортты дамыту, жастармен жұмыстарды жақсарту шаралары туралы.