VI шақырылым депутаттары

VI шақырылымның құрамы

 

Әбілов Бегендік Қуандықұлы

1958 жылы 15 тамызда Целиноград облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында дүниеге келген.

Білімі: 1981 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірді.

2006 жылы Басқару институтын, мемлекеттік және жергілікті басқару факультеті бойынша  тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1981 жылы Целиноград көлік ветеринарлық санитарлық бөлімшесінің мал дәрігері болып бастаған.

Үйленген. Екі баласы бар.

 

  АХМЕДОВ Рустам Угиевич

1980 жылдың 20 мамырында Целиноград облысының Краснознамен ауданының Краснознаменка ауылында дүниеге келді. 2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы «Рустам» шаруа қожалығында бастады, 2003 жылдан бастап осы уақытқа дейін «СХП Жер - АНА» ЖШС директоры.

 

БЕКТҰРОВ Мерхат Ідірісұлы

1984 жылы Егіндікөл ауданының Буревестник ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді. 2013 жылы оқуды бітіргеннен кейін қызмет жолын Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады. 2014 жылы Жастар ресурстық орталығының директоры болып жұмыс атқарды, 2015 жылдан бастап Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Егіндікөл ауданы филиалының директоры болып қызмет атқарды. Үйленген.

 

БОҚЫШЕВ Талғат Қабдоллаұлы

1972 жылы 6 шілдеде Целиноград облысы, Краснознамен ауданы Тоғанас ауылында дүниеге келді. 1987 жылы Жаңақоныс сегізжылдық мектебін аяқтап, Целиноград педагогикалық училищесіне түсті. 1990-1992 жылдары Кеңес Армиясы қатарында өз борышын атқарды. 1992-1194 жылдары Ушаков совхозында жүргізуші болып істеді 2001 жылдан бастап Жаңақоныс негізгі мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып істеп келеді. Білімі жоғары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2007 жылы аяқтады. 2012 жылдан бастап мектеп директоры қызметін атқарып келеді. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Конститутциясына 20 жыл медалімен марапатталды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

ГЛАШЕВ Оралбай Байдуұлы

1961 жылы Ақмола облысы Астрахан ауданы Жамбыл ауылында туылған. 1978-1980 жылдары  Николаев ауылында қойшы, одан кейін слесарь, жүргізуші болып істеген. 1980-1982 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Әскерден келген соң, Николаев совхозында жүргізуші, кейін бригадир болып жұмыс істейді. 1988 -1991 жылдары - совхоз бөлімшесінде басқарма болып жұмыс істеді. 1991-1994 жылдары Николаев совхозының жем-шөп бригадасында бригадир, «Советская Конституция» совхозында бас зоотехник болып жұмыс істеді. 1994 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын аяқтап, зоотехник мамандығын алды. 1994-1996 жылдары «Полтавский» совхозының директоры, 1996 жылы «Полтавский» АӨК төрағасы болып тағайындалады. 2004 жылдан бастап, бүгінге дейін «Сарымсақты» ЖШС басшысы.

 

ДОСТЕНОВ Қабдулмұталиф Омарұлы

1964 жылы 22 қаңтарда Целиноград облысы Астрахан ауданы Жалтыр станциясында дүниеге келді. 1981 жылы Қызылжар мектеп -интернатының 10-жылдық орта мектебін бітіріп, аудан орталығы, Астрахан автомектебінде жүргізушілер курсын тамамдады. 1982-1984 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери міндетін өтеді. Кеңес Әскерінің үздігі; 1-2 дәрежелі Шекара әскерінің үздігі төсбелгісімен марапатталды. Еңбек жолын 1984 жылы «Образцовый» совхозында жүргізуші ретінде бастады. 1985 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтына оқуға түсіп, 1990 жылы зоотехник мамандығы бойынша жоғары білім алды. 1990 жылы «Образцовый» совхозының №1 бөлімшесінде зоотехник, 1991-1993 жылдары Астрахан ауданының «Астраханский»  совхозында бас зоотехник, 1994-1996 жылдары Краснознамен ауданының «Полтавский» совхозында бас зоотехник, 1996-1998 жылдары «Буревестник» совхозына директор болып тағайындалды. 1998 жылы совхоз таратылған соң, «Қарлығаш» шаруа қожалығының басшысы. Еңбек жолында еленген еңбегі үшін 2009 жылы «Ауыл шаруашылық саласындағы таңдаулы кәсіпкер» номинациясында аудандық конкурстың жеңімпазы атанды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

 

ОШАҚБАЕВ Қайыр Тлеуғабылұлы

1970 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қарасу ауылында дүниеге келді. 1987 жылы орта мектепті аяқтады. 1988 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1993 жылы «Днепропетровский» совхозына зоотехник болып бастаған. 1995-2001 жылы шаруа қожалығының басшысы, 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Қоржынкөл А» ЖШС директоры.

 

САДЫБЕКОВ Олжас Мұхамедияұлы

1985 жылы 14 мамырда Торғай облысы Жақсы ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Көкшетау қаласындағы Ж. Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжді бітіріп, Жақсы №2 орта мектебінде музыка пәнінен мұғалімі қызметінен бастады. 2009 жылы ҚР Президентінің «Дипломмен ауылға» атты бағдарламасымен Егіндікөл ауылына жас маман ретінде келіп, мәдениет саласына қызмет етті. 2009 жылы Егіндікөл аудандық мәдениет үйінің директоры болып тағайындалған. 2013 жылы Челябинск Мемлекеттік мәдениет және өнер академиясын сырттай бітірді. Бүгінгі күні мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарады.Үйленген, үш баласы бар.

 

  САЛАПАТА Наталия Дмитриевна

1973 жылы Целиноград облысының Краснознамен ауданының Днепроперовск ауылында дүниеге келді. 1990 жылы Днепропетров орта мектебін бітірді. 2008 жылы Павлодар Инновациялық Еуразия университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Қоржынкөл ауылдық кеңесінде бухгалтер болып бастады. 2014 жылдың қараша айынан бастап - Бауман орта мектебінде кітапханашы және іс-жүргізушісі болып істейді.

 

СЕРИКБАЕВ Махсетбай Рысбаевич

1970 жылы 30 маусымда туған. 1998 жылы Нөкіс- мәдени - ағарту техникумын әдіскер мамандығы бойынша бітірген. Егіндікөл ауданына «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласынан келді.

Еңбек жолын Егіндікөл ауданы Орталық аудандық кітапханасы қызмет көрсету бөлімінің аға кітапханашысы болып бастады. 2004 жылдан бастап - «Арынғазы» шаруа қожалығының басшысы. 2008 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың ақпанына дейін Егіндікөл ауданы бойынша «Кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ төрағасы. 2008-2011 жылдары - «Егіндікөл экспресс-кредит» ШНҰ ЖШС директоры. 2011 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясы Егіндікөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

 

ШЕВЦОВА Лариса Александровна

1974 жылы 22 қыркүйекте Целиноград облысы, Макинск ауданы, Ивановка ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Щучинск педагогикалық колледжін аяқтаған соң, еңбек қызметін Армавир орта мектебінде бастауыш сынып оқытушысы болып бастады. 2004 жылы Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тарих, география пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша аяқтады. 1998 жылы тұрғылықты мекен-жайымды ауысуына байланысты, қызметімді тарих пәнінің оқытушысы ретінде №2 Егіндікөл орта мектебінде жалғастырдым. Өзімнің іскерлігім, кәсіптілігім үшін 2007 жылы Егіндікөл ауданы білім бөлімінің әдіскерлік орталығының меңгерушісі болып тағайындалдым. Қазіргі таңда Егіндікөл ауылының №12 агротехникалық колледжінің директоры қызметін атқарады.

Дата публикации
01 декабря 2022