2018 жылға арналған жұмыс жаспары

Егіндікөл аудандық   мәслихаттың

2017 жылғы  22 желтоқсандағы

№ 6С18-8 шешімімен  

бекітілген

2018 жылға арналған

Егіндікөл аудандық мәслихаттың алтыншы

шақырылымдағы  келешектегі  жұмыс жоспары

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтау   мақсатында,  аудан халқының еркіндігін іске асыру үшін  қажетті шараларды,   олардың жүзеге асуын бақылау үшін, аудандық мәслихат уәкілетті органдармен келісе отырып, жекешелендірілген шаруашылық субьектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен бірлесіп өзінің қызметін мыналарға бағдарлайды:

- экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін алдағы жағдайларды құру, аудан аумағының даму бағдарламасын іске асыруын қамтамасыз ету;

- ішкі және сыртқы  инвестицияларды тарту жолымен бюджеттің    кіріс бөлімінің арттыруы, шағын кәсіпкерліктің дамуы; бюджеттің   тұрақтылығы, бюджет қаражатын мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету;

-  білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеттің дамуына көңіл бөлу;

- халықты жұмыспен қамтуды, халықтың аз қамтылған бөлігін қолдауды жақсарту;

- сенушілігі, дін ұстануы, ұлты және әлеуметтік жағдайы әр түрлі адамдар арасында  келісім  мен бірлікті беріктілігін сақтау;

- ауданда заңдылық пен құқық тәртіпті орнықтыру;

- аудандық мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық қағидаларды сақтау, депутаттардың  қызметін, тұрақты комиссияларды, аудандық мәслихат аппаратының қызметін  белсендіру.

Осы мақсаттармен 2018 жылы қаралсын:

 

  1. Аудандық мәслихаттың сессияларында

 I  тоқсан:

  1. Егіндікөл ауданында білім беру саласының келешектегі дамуы мен жағдайы туралы.
  2. 2. «Ауданда шағын және орташа кәсіпкерлікті дамыту және бизнестің экономикалық белсенділігі үшін қолайлы жағдайларды құру туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 5С36-3 шешімінің орындалуы туралы.

II  тоқсан:

  1. 2017 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.
  2. 2018 жылдың 1 жарты жылдығындағы Егіндікөл ауданы ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының есебі туралы.

III   тоқсан:

  1. Егіндікөл ауданы әкімінің оған жүктелген қызметтері мен міндеттердің орындалуы жөнінде есебі туралы.
  2. «Егіндікөл ауданының елді мекендерін абаттандыруды жақсарту, автомобиль жолдарының жағдайы, жөндеуі және ұстауы туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 мамырдағы № 5С27-3 шешімінің орындалуы туралы.

 IV тоқсан:

  1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
  2. Егіндікөл аудандық мәслихаты хатшысының атқарған жұмыстары жөнінде есебі туралы.

 

 Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыреті шектеуінде мәслихаттың шешімдерін және қолданыстағы заңнамаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар мен бақылау ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

 

  1. Тұрақты комиссиялардың мәжілісінде:

 Бюджет, қаржы әлеуметтік-экономикалық дамуы,

экология және ардагерлермен жұмыс

мәселелері  бойынша

1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынның Егіндікөл ауданында  жүзеге асуы туралы.

2. 2017 жылғы аудандық  бюджеттің орындалуы туралы.

3. 2015-2020 жылдарға арналған Егіндікөл ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асу барысы туралы.

4. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

 

Аудандық мәслихаттың қарауына шығарылған аудан бюджетіне енгізілген өзгерістер және толықтырулар сұрақтары бойынша және өз құзыретіндегі басқа мәселер бойынша, аудандық мәслихаттың комиссиясы қорытындысын шығарады.

 Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастардың істері,

 ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру,

 мәдениет,  заңдылық пен құқық қорғау мәселелері бойынша

 

1. Егіндікөл ауданында денсаулық сақтау саласының келешектегі дамуы мен жағдайы туралы.

2. Аудан тұрғындарының арасында ұлтаралық және дінаралық қатынастарды нығайту үшін жағдайларды құру туралы .

  1. Өмірдің қиын жағдайына ұшыраған мүгедектерді, қарт азаматтарды және азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша жұмысы туралы туралы.
  2. Мемлекеттік жастар саясатын іске асу барысы және жастармен жұмыстарды жақсату бойынша міндеттер туралы.

 

Қажеттілігіне  қарай депутаттық  этиканы сақтау  мәселелерін мәслихаттың қарауына енгізу, дайындау және ұсыну.

Мерзімінен бұрын депутат өкілеттерді тоқтатуына байланысты,  мәселелерді  алдын ала қарау.

Өз  құзырындағы басқа мәселер бойынша қорытындысын, аудандық мәслихаттың қарауына шығарады.

                                       

Дата публикации
01 декабря 2022