2017 жылға арналған жұмыс жоспары

Егіндікөл аудандық   мәслихаттың

2016 жылғы  24 желтоқсандағы

№ 6С10-11 шешімімен  

бекітілген

                                   

2017 жылға арналған

Егіндікөл аудандық мәслихаттың алтыншы

шақырылымдағы  келешектегі  жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтау   мақсатында,  аудан халқының еркіндігін іске асыру үшін  қажетті шараларды,   олардың жүзеге асуын бақылау үшін, аудандық мәслихат уәкілетті органдармен келісе отырып, жекешелендірілген шаруашылық субьектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен бірлесіп өзінің қызметін мыналарға бағдарлайды:

- экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін алдағы жағдайларды құру, аудан аумағының даму бағдарламасын іске асыруын қамтамасыз ету;

- ішкі және сыртқы  инвестицияларды тарту жолымен бюджеттің  кіріс бөлімінің арттыруы, шағын кәсіпкерліктің дамуы; бюджеттің  тұрақтылығы, бюджет қаражатын мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету;

-  білім беру, деңсаулық сақтау, мәдениеттің дамуына көңіл бөлу;

- халықты жұмыспен қамтуды, халықтың қорғалмаған бөлігін қолдауды жақсарту;

- сенушілігі, дін ұстануы, ұлты және әлеуметтік жағдайы әр түрлі адамдар арасында  келісім  мен бірлікті беріктілігін сақтау;

- ауданда заңдылық пен құқық тәртіпті орнықтыру;

- аудандық мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық қағидаларды сақтау, депутаттардың  қызметін, тұрақты комиссияларды, аудандық мәслихат аппаратының қызметін  белсендіру.

Осы мақсаттармен 2017 жылы қаралсын:

  1. Аудандық мәслихаттың сессияларында

 I  тоқсан:

  1. Егіндікөл ауданында «Агробизнес - 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асу барысы туралы.
  2. Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің оған жүктелген қызметтері мен міндеттерінің орындалуы жөнінде есебі туралы.

II  тоқсан:

  1. 2016 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.
  2. 2017 жылдың 1 жарты жылдығындағы Егіндікөл ауданы ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі басшысының есебі туралы.

III   тоқсан:

  1. Егіндікөл ауданы әкімінің оған жүктелген қызметтері мен міндеттердің орындалуы жөнінде есебі туралы.
  2.  Егіндікөл ауданында 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасынның жүзеге асу барысы туралы.

 IV тоқсан:

  1. Егіндікөл аудандық мәслихаты хатшысының атқарған жұмыстары жөнінде есебі туралы 
  2. Ауданның 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы.

 Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыреті шектеуінде мәслихаттың шешімдерін және қолданыстағы заңнамаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар мен бақылау ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

  1. Тұрақты комиссиялардың мәжілісінде:

 Бюджет, қаржы әлеуметтік-экономикалық дамуы, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері  бойынша

1. Егіндікөл ауылындағы инфрақұрылымдардың жағдайы мен болашақтағы дамуы туралы.

2. 2015 жылғы аудан  бюджетінің орындалуы туралы.

3. «Егіндіккөл су» ШЖҚ МКК жұмысы туралы.

4. 2018-2020 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы.

 

Аудандық мәслихаттың қарауына шығарылған аудан бюджетіне енгізілген өзгерістер және толықтырулар сұрақтары бойынша және өз құзыретіндегі басқа мәселер бойынша, аудандық мәслихаттың комиссиясы қорытындысын шығарады.

 Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастардың істері,  ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру,

 мәдениет,  заңдылық пен құқық қорғау мәселелері бойынша

  1. Егіндікөл ауданында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама іске асуы туралы.
  2. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы  туралы.
  3. Егіндікөл ауданының мәдениет мекемелерінің техникалық жабдықтау жағдайы және олардық қызметін жақсарту туралы.
  4. Жұмыспен қамту мониторингісі және жастар арасындағы жұмыссыздық туралы.

 

Қажеттілігіне  қарай депутаттық  этиканы сақтау  мәселелерін мәслихаттың қарауына енгізу, дайындау және ұсыну.

Мерзімінен бұрын депутат өкілеттерді тоқтатуына байланысты,  мәселелерді  алдын ала қарау.

Өз  құзырындағы басқа мәселер бойынша қорытындысын, аудандық мәслихаттың қарауына шығарады.

III. Іс-шараларды ұйымдастыру

 Аудандық мәслихатының депутаттармен семинар-кеңесті өткізу:

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес депутаттармен сайлау алдындағы өз бағдарламаларды және депутаттық өкілеттерді орындалу барысы туралы.

Аудандық мәслихаттың депутаттарына сайлаушылармен байланысын нығайту мен сүйемелдеу, жиылыстарға қатысу, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауын үнемі жүргізу, депутаттардың жұмысы туралы «Егіндікөл» аудандық газеті арқылы сайлаушыларға ақпараттанырып отыру, сауалдар және депутаттық үндеулеріне депутаттардың құқықтарын пайдалану. Жыл бойы өз сайлау округтарда жұмыс жайында есеп беру.

Бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді пайдалану, аудандық газеттің парақтарында проблемалық мәселелермен үнемі сөз сөйлеу.            

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын мен сессиялардың дайындығына белсенді қатысу және сессия жұмысына,  өзінің және аудандық мәслихаттың шешімдерін орындалуын бақылауды іске асыру.

Оқыту және жұмыс тәжірибесімен алмасу масқатымен, аудандық мәслихаттың аппаратына депутат күнін, «дөңгелек үстел» кездесулерді өткізу тәжерибесін жетілдіру, депутаттарға тәжірибелік көмек көрсету, сайлау округтарда олардың жұмыс тәжірибесін оқыту мен тарату.

Курстарда мен семинарларда мәслихат аппаратының қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату.

 

 

 

                                                         

Дата публикации
01 декабря 2022