Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 30 маусымдағы № 5С28-4 шешімімен бекітілді
«Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Е Р Е Ж Е
- Жалпы ережелер
- «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес құрылды және Қазақстан Республикасының өкілетті органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.
- «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі - аудандық мәслихатының аппараты, жұмысшы, атқарушы-реттеуші органы болып табылады және аудандық мәслихаты хатшысының басшылығымен жұмыс істейді.
- Аудандық мәслихат аппараты өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен, аудандық мәслихат сессия шешімдерімен, аудандық мәслихатының Регламентімен және осы Ережемен жүзеге асырады.
- Аудандық мәслихат аппараты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілінде өз атауы жазылған мөрі, мөртаңбалары және мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, сондай-ақ заңға сәйкес банкте шоты бар. Өз қызметін жедел басқару құқығында жүзеге асырады және аудан бюджетінде жергілікті өкілетті органдарды ұстауға қарастырылған ақша есебінен қаржыландырылады.
- Аудандық мәслихат аппараты өз қызметінде мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат хатшысы қол қоятын өкімдер шығарылады.
- Аудандық мәслихат аппаратының шекті штаттық саны «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен анықталады, оның құрылымы аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
- Аудандық мәслихат аппаратының заңды мекен жайы: 020600, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 6.
- Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
«Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы - Егіндікөл ауданының әкімдігі.
Осы Ереже құрылтай құжаты болып табылады.
- Негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
- Аудандық мәслихат аппаратының негізгі міндеті аудандық мәслихаттың, оның сессиясының, тұрақты комиссияларының қызметін, ұйымдастырушылық, ақпараттық, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асырулары үшін көмек көрсету болып табылады.
- Өзінің негізгі міндетіне сәйкес аудандық мәслихаттың аппараты келесі функцияларды орындайды:
аудандық мәслихаттың сессиясын және аудандық мәслихат депутаттарының қарауына енгізілетін мәселелер дайындауды қамтамасыз етеді;
депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруларына көмек көрсетеді;
олардың қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
сессия барысында атқарушы билік органдары, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларының атына түсетін депутаттардың сұранымдары мен үндеулерінің қаралуын бақылайды;
мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметін үйлестіреді;
аудандық мәслихат шешімдерімен сәйкес азаматтардың мәслихаттың маңызды шешімдерінің, сондай-ақ жергілікті және республикалық маңызы бар мәселелердің жобасын талқылауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
аудандық мәслихат хатшысымен азаматтарды қабылдауын, олардың өтініштер мен арыздарын қарауын ұйымдастырады.
- Негізгі мақсаттарды жүзеге асыру үшін және заң актілерімен, өзге де нормативтік актілермен, осы Ережемен қарастырылған функцияларды жүзеге асыру үшін аудандық мәслихат аппаратының келесі құқықтары бар:
атқарушы органдар және өзге де ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындардан аудандық мәслихаттың қызметін жүзеге асыруға қажетті құжаттар, қорытындылар мен өзге де материалдар сұрату және алу;
аудандық мәслихат сессиясының, тұрақты комиссиялардың жұмыстарына қатысу;
аудандық мәслихат қарайтын мәселелерді дайындауға және шешуге бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлерін қатыстыруға қамту;
өзге де заңдармен қарастырылған өкілеттіктерді жүзеге асыру.
- Аудандық мәслихат аппаратының мүлкі
- Аудандық мәслихат аппараты жекеленген мүлікті жедел басқаруға құқығы бар.
- Аудандық мәслихат аппаратының мүлкі аудандық коммуналдық меншікке жатады.
- Аудандық мәслихат аппаратының берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік жасауға құқығы жоқ. Аудандық мәслихат аппаратына заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектеулерде мүлікке билік жүргізу құқығы берілуі мүмкін.
- Аудандық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру
- Аудандық мәслихат аппаратын депутаттар арасынан сайланатын және мәслихат сессиясында қызметінен босатылатын аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.
- Мәслихат хатшысы аудандық мәслихат аппаратының жұмысын басқарады және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен өзінің функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
- Аудандық мәслихаттың хатшысы осы мақсатта:
заңнамаға сәйкес аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітеді;
заңнамада белгіленген тәртіпте аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
өз құзыретіі шектеуінде өкімдер шығарады;
аудандық мәслихат аппараты туралы Ережені аудандық мәслихатының бекітуіне шығарады;
заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Аудандық мәслихат хатшысымен қызметке тағайындалатын және босатылатын аудандық мәслихат аппаратының басшысы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету бойынша аудандық мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастырады, депутаттарға өздерінің қызметін жүзеге асыруларына көмек көрсетеді.
- Аудандық мәслихат аппаратының басшысы:
аудандық мәслихат аппараты туралы Ережені, оның құрылымын әзірлейді және аудандық мәслихат хатшысының келісуіне ұсынады;
заңнамаға сәйкес аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, тәртіптік жаза, моральдік және материалдық ынталандыру шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
аудандық мәслихат хатшысының тапсырмаларын, аудандық мәслихат шешімдерін, жоғары органдардың құжаттарын орындаумен мен сақталуын бақылау бақылау бойынша аудандық мәслихат аппаратының жұмыстарын реттейді;
аудандық мәслихат аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және еңбек заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
ішкі еңбек тәртібі ережелерін әзірлейді.
20.Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес аппарат басшысының ұсынысы бойынша аудандық мәслихат хатшысымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметке тағайындалады және босатылады.
- Жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы:
бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, заң актілерінің, мәслихат шешімдері мен аудандық мәслихат хатшысының өкімдерін уақытында және толық орындалуына жауап береді;
аудандық мәслихат аппаратында бос мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуға конкурс өткізуін ұйымдастырады;
аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерін ауыстыру және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді;
аудандық мәслихат аппаратының басшысымен бөлім қызметкерлері арасындағы лауазымдық міндеттерді бөледі және келіседі;
жұмысты, лайықты еңбек және орындаушылық тәртіпті нақты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
нұсқауларға сәйкес іс жүргізуді ұйымдастырады;
аудандық мәслихат аппараты басшысының қарауына бөлімнің жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар енгізеді.
- Аудандық мәслихат аппараты туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
- Аудандық мәслихат аппараты өз құзыретіне сәйкес өздігінше осы Ережеге аудандық мәслихаттың хатшысымен келісілген және аудандық мәслихатпен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді және енгізеді.
- Аудандық мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
- Егіндікөл аудандық мәслихатының аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.