
|
1958 жылы 15 тамызда Целиноград облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында дүниеге келген. Білімі: 1981 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірді. 2006 жылы Басқару институтын, мемлекеттік және жергілікті басқару факультеті бойынша тәмамдаған.
|
|
|
|
|
|
Еңбек жолын 1981 жылы Целиноград көлік ветеринарлық санитарлық бөлімшесінің мал дәрігері болып бастаған. 1982 жылдан бастап - Кеңес әскері қатарында азаматтық борышын өтеген; 1984 жылдан бастап - Целиноград филармониясының эстрада - аспаптық ансамблдің әртісі; 1985 жылдан бастап - Қорғалжын аудандық мәдениет үйінің нұсқаушысы; |
|
|
1986 жылдан бастап - Қорғалжын аудандық мәдениет үйінің директоры; 1991 жылдан бастап - Краснознамен ауданының мәдениет бөлімінің меңгерушісі; 1997 жылдан бастап - Егіндікөл ауданының мәдениет бөлімінің меңгерушісі; 2004 жылдан бастап - Егіндікөл ауданының мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі; 2005 жылдан бастап - Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы; 2006 жылдан бастап - Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы; 2010 жылдан бастап - жеке кәсіпкер. 2013 жылдан бастап - Егіндікөл аудандық пошта байланыс торабы бастығының міндетін атқарушы; 2014 жылдан бастап - - Егіндікөл аудандық пошта байланыс торабының бастығы; 2016 жылдан бастап – 2020 жылдың желтоқсанына дейін – Алтыншы шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының хатшысы 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Жетінші шақырылымдағы Егіндікөл аудандық мәслихатының хатшысы Үйленген. Екі баласы бар. |
|