Денисов аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі
Маслова Виктория Викторовна 1993 жылы 1 мамырда Қостанай облысы Денисов ауданы Денисовка ауылында дүниеге келген.
2013 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжін құқықтану мамандығы бойынша, 2016 жылы Челябі мемлекеттік университетін құқықтану бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылдан 2017 жылға дейін «Нұртлесов» ШҚ заңгері болып жұмыс істеді.
2018 жылы Денисов аудандық сотының кеңсе көмекшісі болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Денисов аудандық филиалының консультанты лауазымында жұмыс істейді.
«AMANAT» партиясының мүшесі.