Қоғамдық кеңес отырысының № 3 ХАТТАМАСЫ 

Қоғамдық кеңес отырысының № 3 ХАТТАМАСЫ 

Денисовка а.                                                                   2025  жыл 1 сәуір

(ZOOM  арқылы)                                                                сағат 15.00  

Төрайымдылық етті: Фрайденберг Оксана Станиславовна –  Қоғамдық кеңес төрайымы.

Қатысқандар: Қоғамдық кеңес мүшелері, шақырылғандар.

Барлығы: 9 адам. Қажетті кворум бар.

Күн тәртібі   

1. Денисов аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 33 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау.

2. Баяндама: «Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралы».

3. Баяндама: «2024 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы».

Күн тәртібіне толықтырулар, өзгерістер енгізіле ме?

Бұл күн тәртібін бекітуді кім қолдайды?

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Иә 9

Қарсы жоқ

Өз пікірінде қалғандар жоқ

Қабылданды. 

Бірінші мәселені қарастыруға кірісеміз        

Денисов аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 33 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау. 

Сөз Подело Елена Николаевна - «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысына беріледі.

Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

Ұсыныстар бола ма?       

Денисов аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 33 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қабылдап, ұсынуды кім қолдайды         

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Иә 9

Қарсы жоқ

Өз пікірінде қалғандар жоқ

Қабылданды.

Екінші мәселені қарастыруға кірісеміз

Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралы.

Сөз Минкина Алия Ертайқызы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманына беріледі.

Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

Ұсыныстар бола ма?

Үшінші мәселені қарастыруға кірісеміз

2024 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы.     

Сөз Самат Маратұлы Адамбаев - Денисов ауданы әкімі аппаратының ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу жөніндегі аудан әкімінің бас инспекторына беріледі.

Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

Ұсыныстар бола ма?

Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері! 

Осымен отырыстың күн тәртібі таусылды. Отырысты өткізу бойынша ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар бола ма?

Отырыс жұмысына қатысқаныңыз үшін рақмет.

Қоғамдық кеңес төрайымы                                            О. Фрайденберг

Хаттама
Дата публикации
07 апреля 2025