Қоғамдық кеңес отырысының № 13 ХАТТАМАСЫ
Денисовка а. 2024 жыл 26 қараша
(аудан әкімдігі 2 қабат ) сағат 15.00
Төрайымдылық етті: Амантаева Күләш Сейітқалиқызы – Қоғамдық кеңес төрайымы .
Қатысқандар: Қоғамдық кеңес мүшелері, шақырылғандар.
Барлығы: 8 адам. Қажетті адам саны бар.
Күн тәртібі:
1. «Қырым ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының 2024 жылғы қызметі және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы» есеп.
2. «Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің 2024 жылғы қызметі және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы есеп.
3. «Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің 2024 жылғы қызметі және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы есеп.
4. Әйет ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін «АХ-СУЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы» Денисов ауданы әкімдігі қаулысының жобасын қарау.
5. «Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 97 «Денисов ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Денисов аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарау.
6. Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының «Денисов ауданы бойынша бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасын қарау.
Күн тәртібіне толықтырулар, өзгерістер бар ма?
Күн тәртібін беітуді кім қолдайды ?
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 8
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Бірінші мәселені қарастыруға кірісеміз
«Қырым ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының 2024 жылғы қызметі және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы» есеп.
Сөз Жақыпов Айтпай Бозбетбайұлы - «Денисов ауданы Қырым ауылының аппараты» ММ әкіміне беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Екінші мәселені қарастыруға кірісеміз
«Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің 2024 жылғы қызметі және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы есеп.
Сөз Рагуля Владислав Сергеевич - «Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Үшінші мәселені қарастыруға кірісеміз
«Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің 2024 жылғы қызметі және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы есеп.
Сөз Гузь Ксения Валерьевна - «Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Төртінші мәселені қарастыруға кірісеміз
Әйет ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін «АХ-СУЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы» Денисов ауданы әкімдігі қаулысының жобасын қарау.
Сөз Дүйсебаев Азамат Амангелдіұлы - «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысына беріледі
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Әйет ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін «АХ-СУЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы» Денисов ауданы әкімдігі қаулысының жобасын ескертулерсіз қабылдауды және ұсынуды кім қолдайды.
Дауыс беруге қоямын.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 8
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Бесінші мәселені қарастыруға кірісеміз
«Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 97 «Денисов ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Денисов аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарау.
Сөз Жалғаспаев Жәнібек Мерекеұлы - «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
«Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 97 «Денисов ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Денисов аудандық мәслихатының шешімінің жобасын ескертулерсіз қабылдауды және ұсынуды кім қолдайды.
Дауыс беруге қоямын.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 8
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Алтыншы мәселені қарастыруға кірісеміз
Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының «Денисов ауданы бойынша бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасын қарау.
Сөз Рақметов Дәурен Бисембайұлы - «Денисов аудандық мәслихатының аппараты» ММ бас маманына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының «Денисов ауданы бойынша бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасын ескертулерсіз қабылдауды және ұсынуды кім қолдайды.
Дауыс беруге қоямын.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 8
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Осымен отырыстың күн тәртібі аяқталды. Отырысты өткізу бойынша ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар болады ма?
Отырыс жұмысына қатысқаныңыз үшін рақмет.
Қоғамдық кеңес төрайымы К. Амантаева
Қоғамдық кеңес хатшысы В. Борамбаева