Қоғамдық кеңес отырысының № 11 ХАТТАМАСЫ
Денисовка а. 2024 жыл 1 қазан
(аудандық әкімдік 2 қабат) сағат 16.00
Төрайымдылық етті: Амантаева Күләш Сейітқалиқызы – Қоғамдық кеңес төрайымы .
Қатысқандар: Қоғамдық кеңес мүшелері, шақырылғандар.
Барлығы: 8 адам. Қажетті адам саны бар.
Күн тәртібі:
Күн тәртібіне толықтырулар, өзгерістер бар ма?
Күн тәртібін беітуді кім қолдайды ?
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 8
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Бірінші мәселені қарастыруға кірісеміз
Денисов аудандық мәслихатының Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 97 «Денисов ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау.
Сөз Жалғаспаев Жәнібек Мерекеұлы - «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Денисов аудандық мәслихатының Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 97 «Денисов ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын ескертулерсіз қабылдауды және ұсынуды кім қолдайды.
Дауыс беруге қоямын.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 8
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Екінші мәселені қарастыруға кірісеміз
Баяндама: «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2023 жылы және 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы.
Сөз Дранчуковская Лариса Анатольевна – «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Үшінші мәселені қарастыруға кірісеміз
Есеп: «Денисов ауданының білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы».
Сөз Қайрат Хайдарұлы Әлиев - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданының білім бөлімі» ММ басшысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Төртінші мәселені қарастыруға кірісеміз
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Денисов ауданының білім бөлімінің №1 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының есебі: «Білім беру ұйымының жаңа оқу жылына дайындығы туралы», «2023-2024 жылдар кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы».
Сөз Беркімбаева Раиса Назарқызы - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданының білім бөлімінің № 1 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ директорына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Бесінші мәселені қарастыруға кірісеміз
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Денисов ауданының білім бөлімінің №2 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының міндетін атқарушының есебі: «Білім беру ұйымының жаңа оқу жылына дайындығы туралы», «2023-2024 жылдар кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы».
Сөз Асқар Төлемісұлы Нұрмұхамбетов - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданының білім бөлімінің № 2 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының міндетін атқарушысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Алтыншы мәселені қарастыруға кірісеміз
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Денисов ауданының білім бөлімінің №3 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының есебі: «Білім беру ұйымының жаңа оқу жылына дайындығы туралы», «2023-2024 жылдар кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы».
Сөз Сейітханова Жадыра Қалдыбайқызы - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданының білім бөлімінің № 3 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ директорына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Осымен отырыстың күн тәртібі аяқталды. Отырысты өткізу бойынша ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар болады ма?
Отырыс жұмысына қатысқаныңыз үшін рақмет.
Қоғамдық кеңес төрайымы К. Амантаева
Қоғамдық кеңес хатшысы В. Борамбаева