Қоғамдық кеңес отырысының
№ 5 ХАТТАМАСЫ
Денисовка а. 2024 жыл 10 сәуір
( Zoom режимінде ) сағат 10.00
Төрайымдылық етті: Амантаева Күләш Сейітқалиқызы – Қоғамдық кеңес төрайымы .
Қатысқандар: Қоғамдық кеңес мүшелері, шақырылғандар.
Барлығы: 9 адам. Қажетті адам саны бар.
Күн тәртібі:
1. Денисов ауданы әкімінің «Денисов ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын (мал айдау трассаларын) тасымалдау (орнын ауыстыру) бағытын бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау.
2. Денисов аудандық мәслихатының «2024 жылға арналған Денисов ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна ставкаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау.
3. Денисов ауданы әкімдігінің «Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 88 «Денисов ауданына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасын қарау.
Күн тәртібіне толықтырулар, өзгерістер бар ма?
Күн тәртібін беітуді кім қолдайды ?
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 9
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Бірінші мәселені қарастыруға кірісеміз
Денисов ауданы әкімінің «Денисов ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын (мал айдау трассаларын) тасымалдау (орнын ауыстыру) бағытын бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау.
Сөз Досмұхамедов Смағұл Ильич - «Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Денисов ауданы әкімінің «Денисов ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын (мал айдау трассаларын) тасымалдау (орнын ауыстыру) бағытын бекіту туралы» шешімінің жобасын ескертулерсіз қабылдауды және ұсынуды кім қолдайды.
Дауыс беруге қоямын.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 9
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Екінші мәселені қарастыруға кірісеміз
Денисов аудандық мәслихатының «2024 жылға арналған Денисов ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна ставкаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау.
Сөз Досмұхамедов Смағұл Ильич - «Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Денисов аудандық мәслихатының «2024 жылға арналған Денисов ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна ставкаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын ескертулерсіз қабылдауды және ұсынуды кім қолдайды.
Дауыс беруге қоямын.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 9
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Үшінші мәселені қарастыруға кірісеміз
Денисов ауданы әкімдігінің «Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 88 «Денисов ауданына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасын қарау.
Сөз Сүлеймен Ержан Жантайұлы - «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Денисов ауданы әкімдігінің «Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 88 «Денисов ауданына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасын ескертулерсіз қабылдауды және ұсынуды кім қолдайды.
Дауыс беруге қоямын.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 9
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Осымен отырыстың күн тәртібі аяқталды. Отырысты өткізу бойынша ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар болады ма?
Отырыс жұмысына қатысқаныңыз үшін рақмет.
Қоғамдық кеңес төрайымы К. Амантаева
Қоғамдық кеңес хатшысы В. Борамбаева