Денисов ауданының сайлау комиссиясын сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Денисов аудандық сайлау комиссиясы - Денисовка ауылы, Ленин көшесі, 12, мәдениет үйінің ғимараты, келесі құрамда сайлансын:
Важничая Ирина Михайловна;
Вилисова Анжела Викторовна;
Деринг Дмитрий Андреевич;
Жакенова Бақытгүл Кеңесқызы;
Жалғаспаев Жәнібек Мерекеұлы;
Манина Елена Владимировна;
Рахметов Дәурен Бисембайұлы.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Денисов аудандық
мәслихатының төрағасы В. Шерер