Қоғамдық кеңес отырысының
№ 12 ХАТТАМАСЫ
Денисовка а. 2023 жыл 13 қазан
(Zoom режимінде) сағат 15.00
Төрайымдылық етті: Амантаева Күләш Сейітқалиқызы – Қоғамдық кеңес төрайымы .
Қатысқандар: Қоғамдық кеңес мүшелері, шақырылғандар.
Барлығы: 10 адам. Қажетті адам саны бар.
Күн тәртібі:
1. Денисов аудандық мәслихатының «Денисов ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау.
2. Есеп: «2022-2023 жылдардағы Денисов АПББ қызметі туралы».
Күн тәртібіне толықтырулар, өзгерістер бар ма?
Күн тәртібін беітуді кім қолдайды ?
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 10
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Бірінші мәселені қарастыруға кірісеміз.
Денисов аудандық мәслихатының «Денисов ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау.
Сөз Шампейісова Айзада Зайнулловна - «Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлік секторының әдіскеріне беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Денисов аудандық мәслихатының «Денисов ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын ескертулерсіз қабылдауды және ұсынуды кім қолдайды.
Дауыс беруге қоямын.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 10
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Екінші мәселені қарастыруға кірісеміз.
Есеп: «2022-2023 жылдардағы Денисов АПББ қызметі туралы».
Сөз Недоцук Зарета Зияудиновна - Денисов аудандық почта байланысы торабының «Қазпошта» АҚ ҚОФ Денисов АПББ бастығына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Осымен отырыстың күн тәртібі аяқталды. Отырысты өткізу бойынша ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар болады ма?
Отырыс жұмысына қатысқаныңыз үшін рақмет.
Қоғамдық кеңес төрайымы К. Амантаева
Қоғамдық кеңес хатшысы В. Борамбаева