Қоғамдық кеңес отырысының
№ 10 ХАТТАМАСЫ
Денисовка а. 2023 жыл 31 тамыз
аудан әкімдігі 3 қабат сағат 11.00
Төрайымдылық етті: Амантаева Күләш Сейітқалиқызы – Қоғамдық кеңес төрайымы .
Қатысқандар: Денисов ауданы әкімінің міндетін атқарушы - Қатпаев Руслан Жоламанұлы, Қоғамдық кеңес мүшелері, шақырылғандар.
Барлығы:8 адам. Қажетті адам саны бар.
Күн тәртібі:
1. Денисов ауданы әкімінің міндетін атқарушының есебі: «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы».
2. Денисов аудандық мәслихатының «Денисов ауданында әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің жобасын қарау.
Күн тәртібіне толықтырулар, өзгерістер бар ма?
Күн тәртібін беітуді кім қолдайды ?
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 8
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Бірінші мәселені қарастыруға кірісеміз.
Денисов ауданы әкімінің міндетін атқарушының есебі: «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы».
Сөз Қатпаев Руслан Жоламанұлы - Денисов ауданы әкімінің міндетін атқарушысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Екінші мәселені қарастыруға кірісеміз.
Денисов аудандық мәслихатының «Денисов ауданында әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің жобасын қарау.
Сөз Дранчуковская Лариса Анатольевна - «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысына беріледі.
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Ұсыныстар болады ма?
Денисов аудандық мәслихатының «Денисов ауданында әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің жобасын ескертулерсіз қабылдауды және ұсынуды кім қолдайды.
Дауыс беруге қоямын.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? 8
Қарсы? жоқ
Өз пікірінде қалғандар? жоқ
Қабылданды.
Осымен отырыстың күн тәртібі аяқталды. Отырысты өткізу бойынша ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар болады ма?
Отырыс жұмысына қатысқаныңыз үшін рақмет.
Қоғамдық кеңес төрайымы К. Амантаева
Қоғамдық кеңес хатшысы В. Борамбаева