Қоғамдық кеңес отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ

Қоғамдық кеңес отырысының

№ 1   ХАТТАМАСЫ 

 Денисовка а.,                                                                   2023 жыл 2 ақпан

(Zoom  режимінде)                                                           сағат 15.00 

Төрайымдылық етті: Макашева Жұмагүл Семембайқызы  – Қоғамдық кеңестің төрайымы.

Қатысқандар: «Денисов аудандық мәслихатының аппараты» ММ аппаратының басшысы, Қоғамдық кеңестің мүшелері, шақырылғандар.

Барлығы: 12 адам. Қажетті адам саны бар.

Күн тәртібі:        

  1. «Красноармейск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының 2022 жылғы қызметі және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы» есеп.
  2. Денисов ауылдық округі әкімінің «2023 жылдың басына қаңтар айына Денисовка ауылындағы жолдарды тазарту бойынша» есебі.
  3. Денисов ауданы бюджетінің атқарылуы туралы 2022 жылғы жылдық есепті қарау.
  4. Мәслихаттың «2023 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, Денисов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешімінің жобасын қарау.
  5. Денисов ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының жобасын қарау.

Күн тәртібіне толықтырулар, өзгерістер бар ма?

Кім осы күн тәртібін бекітуді қолдайды?

Дауыс берулеріңіз сұралады.

Иә? 8

Қарсы? жоқ

Өз пікірінде қалғандар? жоқ

Қабылданды. 

Бірінші мәселені қарастыруға кірісеміз.        

«Красноармейск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының 2022 жылғы қызметі және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы» есеп.

Сөз Красноармейск ауылдық округінің бас маманы-Скубилова Ирина Рашитовнаға беріледі.

Баяндаушыға сұрақтарыңыз бар ма?

Ұсыныстар бар ма?        

Екінші мәселені қарастыруға кірісеміз.

Денисов ауылдық округі әкімінің «2023 жылдың басына қаңтар айына Денисовка ауылындағы жолдарды тазарту бойынша» есебі.

Сөз Кәрімбаев Нұрлан Мұратұлы  - Денисов ауылдық округінің әкіміне беріледі.

Баяндаушыға сұрақтарыңыз бар ма?

Ұсыныстар бар ма?

Үшінші мәселені қарастыруға кірісеміз.

Денисов ауданы бюджетінің атқарылуы туралы 2022 жылғы жылдық есепті қарау.

Сөз Жалғаспаев Жанебек Мерекеұлы - «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысына беріледі.

Баяндаушыға сұрақтарыңыз бар ма?

Ұсыныстар бар ма?        

Төртінші мәселені қарастыруға кірісеміз. 

Мәслихаттың «2023 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, Денисов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешімінің жобасын қарау.

Сөз Жалғаспаев Жанебек Мерекеұлы - «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысына беріледі.

Баяндаушыға сұрақтарыңыз бар ма?

Ұсыныстар бар ма?        

Мәслихаттың «2023 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, Денисов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешімінің жобасын ескертулерсіз қабылдауды және ұсынуды кім қолдайды.

Дауыс беруге қойылады.

Дауыс берулеріңіз сұралады.

Иа ? 8

Қарсы ? жоқ

Өз пікірінде қалғандар ? жоқ

Қабылданды. 

Бесінші мәселені қарастыруға кірісеміз.

Денисов ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының жобасын қарау.

Сөз Жалғаспаев Жанебек Мерекеұлы - «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысына беріледі.

Баяндаушыға сұрақтарыңыз бар ма?

Ұсыныстар бар ма?

Денисов ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының жобасын ескертулерсіз қабылдауды және ұсынуды кім қолдайды.

Дауыс беруге қойылады.

Дауыс берулеріңіз сұралады.

Иа ? 8

Қарсы ? жоқ

Өз пікірінде қалғандар ? жоқ

Қабылданды.

Отырыстың күн тәртібі осымен аяқталды. Отырысқа байланысты қосымша толықтырулар, ұсыныстар және ескертулеріңіз бар ма?

Отырыс жұмысына қатысқандарыңыз үшін рақмет. 

Қоғамдық кеңестің төрайымы                                         Ж. Макашева 

Қоғамдық кеңестің хатшысы                                          В. Борамбаева

Хаттама
Дата публикации
03 февраля 2023