Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республика күні - тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, елдігімізді айшықтайтын, бірлігіміз бен ынтымағымызды дәріптейтін ұлық мереке.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, елімізге өркендеу мен жарқын болашақ тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Целиноград аудандық мәслихатының аппараты
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 12 қазанында сағат 16.00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Ақмол ауылы) Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жетпіс тоғызыншы сессиясы шақырылады.
Сессия қарауына енгізіледі:
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 232/39-7 «Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 114/16-8 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34, Целиноград аудандық мәслихаты мекенжайы бойынша жолдаңыздар.
Телефон: (8-716-51) 30-501, 30-165, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru
Целиноград аудандық мәслихат төрағасы
Л. Конарбаева
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 2 қазанында сағат 15.00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Ақмол ауылы) Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жетпіс сегізінші сессиясы шақырылады.
Сессия қарауына енгізіледі:
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 419/56-8 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серікбайқызы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2. "2026-2028 жылдарға арналған ауыл, ауылдық округтердің бюджеттеру туралы" шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (Оразақ, Қараөткел, Қызыл суат, Талапкер, Нұресіл, Қоянды, Родина, Жарлыкөл).
Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серікбайқызы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
3. Целиноград ауданының нышанын бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Сабырова Нұрай Расулқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34, Целиноград аудандық мәслихаты мекенжайы бойынша жолдаңыздар.
Телефон: (8-716-51) 30-501, 30-165, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru
Целиноград аудандық мәслихат төрағасы
Л. Конарбаева
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 2 қазанында сағат 15.00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Ақмол ауылы) Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жетпіс жетінші сессиясы шақырылады.
Сессия қарауына енгізіледі:
"2026-2030 жылдарға арналған Целиноград ауданының даму Жоспарын бекіту туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 447/58-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы".
Баяндамашы: Беркеева Анара Серікбайқызы, "Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34, Целиноград аудандық мәслихаты мекенжайы бойынша жолдаңыздар.
Телефон: (8-716-51) 30-501, 30-165, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru
Целиноград аудандық мәслихат төрағасы
Л. Конарбаева
Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі — Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғаұлының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдау болды.
Сессия барысында аудан әкімі атқарылған жұмыстар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Депутаттар есепті тыңдап, аумақты дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Сонымен қатар, «Целиноград ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселе қаралды.
Бұдан бөлек, аудандық мәслихаттың учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер, сондай-ақ аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын негізгі мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық Заң) 19-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына және Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 17 және 18 қыркүйектегі № 79/85, № 80/86 «Округтік сайлау комиссияларының және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты келесі сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарлайды:
Округтік сайлау комиссиялары: № 1 – 3, № 2 – 5, № 7 – 1, № 8 - 2, № 10 - 1, № 11 - 1, № 13 - 3, № 15 - 2.
Учаскелік сайлау комиссиялары: № 646 – 1, № 648 – 1, № 675 – 1, № 768 – 1.
Сайлау комиссияларының құрамында барлығы 22 (жиырма екі) бос орын бар.
Осыған байланысты, саяси партиялардан немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерден және Қазақстан Республикасының қалыптастырыушы сайлау комиссияларына қатысты жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныстар Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 мекенжайы бойынша 2026 жылғы 24 қыркүйектен бастап 09 қазанға дейін дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Жауапты тұлға – Адильбекова Кымбат Шадаевна, № 401 кабинет, қызметтік телефон нөмірі 30-165, электронды пошта мекен-жайы - celin_maslihat@mail.ru
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы партияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 24 қыркүйектен 09 қазанға дейін (қоса алғанда) мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі);
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, Орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 09 қазанға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
қосымша 5.1 учаскелік
Целиноград аудандық мәслихаты
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 11-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Ақмол ауылы) Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады.
Сессия қарауына енгізіледі:
Целиноград ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі
Баяндамашы: Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы,
Целиноград ауданының әкімі
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34, Целиноград аудандық мәслихаты мекенжайы бойынша жолдаңыздар.
Телефон: (8-716-51) 30-501, 30-165, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru
Целиноград аудандық мәслихат төрағасы
Л. Конарбаева
2026 жылғы 18 қыркүйекте Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, онда жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын іске асыру, сондай-ақ аудан аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша Целиноград аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Сейітжанұлы Садауов баяндама жасады. Баяндамада ауданның эпизоотиялық ахуалы тұрақты және бақылауда екені атап өтілді. Ветеринариялық қызмет тарапынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, мониторинг жүргізу, жануарлардан алынатын өнімдердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін бақылау және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын іске асыру мәселесі бойынша Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ерболат Битұрсынұлы Әнәпияев баяндама жасады. Баяндама барысында ауданда жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану, тұрғындардың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қажеттіліктерін қамтамасыз ету және жайылымдардың тозуына жол бермеуге бағытталған 2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
Талқылау барысында депутаттар жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту, мал қорымдарын күтіп-ұстау, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру және ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуы мәселелерін көтерді.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссия тиісті ұсынымдар қабылдады.
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.