Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 490/65-8 16 сәуір 2026 жыл
Сегізінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезектен тыс
алпыс бесінші сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. «Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Умарова Динара Сабитовна, Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
2. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы
Ақпарат беруші: Шахметова Шолпан Даулбаевна, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
3. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Шахметова Шолпан Даулбаевна, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
4. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша комиссияның дербес құрамын бекіту туралы
Ақпарат беруші: Шахметова Шолпан Даулбаевна, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
5. «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық келісім Кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 204/37-7 Целиноград аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Ақпарат беруші: Байдильдина Жанар Еркеновна, Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы.
6. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы Билер кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы
Ақпарат беруші: Байдильдина Жанар Еркеновна, Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы.
7. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық ақсақалдар Кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы
Ақпарат беруші: Байдильдина Жанар Еркеновна, Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева