Целиноград ауданының Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы

Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ

 

Целиноград ауданының әкімдігі

Ақмол ауылы

2026 жылғы 10 сәуір

№ А-4/138 қаулы

 

Целиноград аудандық мәслихаты

Ақмол ауылы

2026 жылғы 10 сәуір

№ 489/64-8 шешім

 

Целиноград ауданының

Ақмол ауылдық округінің

Ақмол ауылының кейбір

құрамдас бөліктерін қайта

атау бойынша ұсыныс

енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қарауына Целиноград ауданының Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша келесі ұсыныс енгізілсін, атап айтқанда:

1) Черемушки көшесінің жеке үйлер орналасқан бөлігі Жеңіс Байғабұлұлы Күптенов көшесі деп қайта аталсын;

2) Элеваторная көшесінің екінші қатары Мадьяр Амангелдіұлы Қожанов көшесі деп қайта аталсын.

2. Осы Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы және Целиноград аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Целиноград ауданының әкімі                                         Д. Сабырғали

 

Целиноград аудандық                 

мәслихатының төрағасы                                                      Л. Конарбаева

Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ
Дата публикации
13 апреля 2026