Целиноград аудандық мәслихатының ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы кейбір шешімдерінің қолданылуын уақытша тоқтату туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы        № 488/64-8          10 сәуір 2026 жыл

 

Целиноград аудандық мәслихатының

ауылдық елді мекендердің бас

жоспарларын бекіту туралы

кейбір шешімдерінің қолданылуын

уақытша тоқтату туралы

      

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, елді мекендердің аумақтарын кешенді және тұрақты дамыту, жерді ұтымды пайдалану мақсатында Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Целиноград аудандық мәслихатының ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы кейбір шешімдерінің қолданылуы тұрғын үй функционалдық аймағы (усадьбалық құрылыс), жеке тұрғын үй құрылысы аумақтары бөлігінде, жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық, саяжай құрылысы үшін берілуі мүмкін мемлекеттік меншіктегі жер телімдері бойынша, жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысы үшін сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз ету, елді мекендердің қала құрылысы жобаларын түзету, жерді басқа мақсаттарда пайдалану бойынша жергілікті халықтың қажеттіліктерін айқындау, сондай-ақ өзге де проблемалық мәселелерді реттеу кезеңіне осы шешімнің қосымшасына сәйкес уақытша тоқтатылсын.

2. Бұл шешім ол күшіне енгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                    Л. Қонарбаева

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Целиноград ауданының әкімі

Д.Сабырғали

10.04.2026 ж.

 

Целиноград ауданының

«Сәулет және қала құрылысы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы

Д.Тулеубеков

10.04.2026 ж.

 

Целиноград ауданының

«Жер қатынастары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы

С.Айдарқұлов

10.04.2026 ж.

 

Целиноград аудандық мәслихатының  

2026 жылғы 10 сәуірдегі

№ 488/64-8 шешіміне қосымша

 

Ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тұрғын үй функционалдық аймағы (шаруашылық қожалығы) және жеке тұрғын үй құрылысы аумақтары бөлігінде қолданылуы уақытша тоқтатыла тұратын шешімдерінің тізбесі

 

1. 2007 жылғы 6 қарашадағы № 18/4-4 «Ақмол, Қараөткел, Софиевка, Қаражар, Қажымұқан, Қызылжар елді мекендері аумақтарының салу Бас жоспарларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

2. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 199/29-4 «Қызыл Суат, Аққайын, Шұбар ауылдарын салудың Бас жоспарларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

3. 2012 жылғы 28 маусымдағы № 44/6-5 «Целиноград ауданының Қабанбай батыр, Арайлы, Ыбырай Алтынсарин елді мекендерінің Бас жоспарын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

4. 2015 жылғы 5 қарашадағы № 330/47-5 «Целиноград ауданының Нұресіл, Раздольное, Жаңа Жайнақ, Ынтымақ, Тоңкеріс, Өтеміс, Жаңажол, Рахымжан Қошқарбаев ауылдарының салу Бас жоспарларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

5. 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 272/39-6 «Целиноград ауданының ауылдарының салу Жалғызқұдық, Жарлыкөл, Жаңаесіл, Оразақ, Отаутүскен, Ақжар, Родина, Қарамеңді Батыр, Тасты Бас жоспарларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

6. 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 218/34-3 «Целиноград ауданының Талапкер және Қоянды ауылдарының салу Бас жоспарларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

7. 2020 жылғы 20 қазандағы № 447/67-6 «Целиноград ауданының Жайнақ станциясы салу Бас жоспарын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі.

Целиноград аудандық мәслихатының 10.04.2026 ж. № 488/64-8 шешімі
Дата публикации
13 апреля 2026